Жаңалықтар 22.04.2026 147

Академиялық адалдық – сапалы білімнің негізі: Шәкәрім университетінде мониторингтік комиссия жұмысы басталды

«Шәкәрім университеті» КеАҚ-та Академиялық адалдық лигасының стандарттарына сәйкестікті бағалау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар-жоғын анықтау мақсатында мониторингтік комиссия өз жұмысын бастады.

Комиссия жұмысы 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында өтуде және университеттің Академиялық адалдық лигасына қосылу жолындағы маңызды кезеңдердің бірі деуге болады.

Академиялық адалдық лигасы – Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірлестігі. Лиганың негізгі миссиясы – академиялық адалдықтың басты қағидаттарын енгізу және ілгерілету арқылы елдегі білім беру сапасын арттыру.

Лига қызметі келесі негізгі қағидаттарға негізделеді:

- академиялық адалдық – білім беру мен ғылыми зерттеулердің басты құндылығы;

- ашық, әділ және объективті академиялық стандарттар мен бағалау жүйесін сақтау;

- барлық жазбаша жұмыстарды міндетті түрде плагиатқа тексеру;

- академиялық адалдық қағидаларын бұзғаны үшін білім алушылардың жауапкершілігі;

- жоғары академиялық талаптар және әділ бағалау жүйесі;

- білім сапасына басымдық беру және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау;

- оқытушының тәлімгер ретіндегі ерекше жауапкершілігі;

- білім алушылар мен қызметкерлердің ортақ жауапкершілігі;

- Лига қағидаттары мен міндеттемелерін адал орындау;

Академиялық адалдық лигасына қосылу университет үшін академиялық мәдениетті нығайтуға, білім беру сапасын арттыруға және оқу үдерісіне деген сенімді күшейтуге бағытталған маңызды қадам болмақ.

Академиялық адалдық – сапалы білімнің негізі: Шәкәрім университетінде мониторингтік комиссия жұмысы басталды
Академиялық адалдық – сапалы білімнің негізі: Шәкәрім университетінде мониторингтік комиссия жұмысы басталды
Академиялық адалдық – сапалы білімнің негізі: Шәкәрім университетінде мониторингтік комиссия жұмысы басталды
Академиялық адалдық – сапалы білімнің негізі: Шәкәрім университетінде мониторингтік комиссия жұмысы басталды
Академиялық адалдық – сапалы білімнің негізі: Шәкәрім университетінде мониторингтік комиссия жұмысы басталды
Академиялық адалдық – сапалы білімнің негізі: Шәкәрім университетінде мониторингтік комиссия жұмысы басталды

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру