Жаңалықтар 15.03.2026 22

15 наурыз – Қайырымдылық күні: Жүректен жүрекке жеткен жылулық

15 наурыз – Қайырымдылық күні: Жүректен жүрекке жеткен жылулық

«Наурызнама» онкүндігінің екінші күні – Қайырымдылық күні. Бұл – мейірімділік пен жанашырлықтың маңызын дәріптейтін мәні терең күн. Бұл күні адамдар бір-біріне қолдау көрсетіп, көмек қолын созып, жүректегі ізгілікті іс арқылы білдіреді.

Қайырымдылық – адамзатқа ортақ асыл қасиеттердің бірі. Осы орайда, Шәкәрім университетінің Өнер кафедрасы, Тілдік коммуникация, Экономика және қаржы кафедрасы, Студенттік парламенті бірлесе отырып, атаулы күнде ізгілікті іс-шара ұйымдастырды.

Университет ұжымы мен білім алушылары бауырмалдық қасиетпен жанашырлық танытып, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді мақсат етеді.

Қайырымдылық – жүректен шыққан жылулықтың ең асыл көрінісі. Баршаңызды осы игі іске атсалысуға, мейірімділік танытып, жақсылық жасауға шақырамыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру