BR24992981 «Алакөлдің табиғи, тарихи-мәдени ландшафтық әлеуетін кешенді талдау және рекреациялық туризмді дамытудың тиімді тетіктерін әзірлеу»
Жоба жетекшісі
Кішкенбаева Жұлдызай Қалыбекқызы, PhD
Өзектілігі
ХХІ ғасырдағы жаһандық клиамттық өзгеріс адам баласының мінез-құлқымен бірге құндылықтарына, тіпті өмір сүру салтына да әсер етуде, жалпы бұл мәдениеттің дағдарысына әкеп соқтыруда. Осыған байланысты жалпы ғаламда орнықты дамуға қол жеткізуге бағытталған ұзақ мерзімді стратегияны әзірлеудің қажеттілігі туындауда.
Осы дағдарысты еңсеру үшін ғылыми-академиялық қауымдастық пен саясаттанушылардың мен экономистер мен бизнес өкілдерінің бірлесуі өте маңызды.
Себебі экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және мәдени аспектілердің өзара байланысын біртұтас бірлікте қарастырғанда ғана орнықтыру тұжырымдамасы сындарлы сипатқа ие екенін түсіну өте маңызды. Өйткені мәдениет экологиялық тұрақты экономикаға қол жеткізудегі негізгі құрал.
Осы Бағдарлама Алакөлдің табиғи, тарихи, мәдени ландшафтық әлеуетін синергетикалық парадигмалар аясында кешенді зерттеу арқылы өңірде рекреациялық туризмді дамытудың тиімді тетіктерін мен рекреациялық ресурстарды сақтау және қорғаудың алгоритмдерін әзірлеуге және оны қолданысқа енгізуге бағытталған.
Мақсаты
Алакөл алабының табиғи, тарихи, мәдени ландшафтық әлеуетін кешенді-салыстырмалы талдау, өңірде рекреациялық туризмді дамытудың тиімді тетіктерін әзірлеу және оны практикаға енгізу
Күтілетін нәтиже
- ҒЖБССҚК ұсынған журналдарда 8 (сегіз) мақала (2025 жылы – 6 мақала, 2026 жылы – 2 мақала);
- Web of Science деректер базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index индекстелетін және (немесе) Scopus базасында citescore бойынша кемінде 25 (жиырма бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдардағы кемінде 6 (алты) мақала және (немесе) шолу ( Бағдарламаның барлық кезеңінде);
- өтініш беруші ұйымның ғылыми кеңесі және (немесе) ғылыми-техникалық кеңесі ұсынған шетелдік және (немесе) қазақстандық баспаларда кемінде 1 (бір) монография немесе оқу құралы;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық зияткерлік меншік институтында тіркелген кемінде 1 (бір) патент немесе 2 (екі) авторлық куәлік;
- Абай өңірінде креативті туризмді дамытудың жаңа модельдері;
- Абай өңірінде, жалпы Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар туристерге қолайлы әрі сапалы қызмет көрсетудің сапасын арттыру бойынша бірыңғай модель;
- табиғи рекреациялық ресурстарды пайдалану, сақтау және қорғау бойынша шетелдік тәжірбилердің озық үлгілерін қазақстандық практикаға енгізудің алгоритмдері;
- табиғи рекреациялық ресурстарды мега (халықаралық), макро (мемлекеттік), микро (өңірлік) деңгейлерде сақтау мен қорғауды реттеудің жаңа тетіктері;
- Барлық-Арасан шипажайының бальнеологиялық ресурстарын қорғау мен кешенді пайдалануды ұйымдастыру бойынша аналитикалық ұсыныстар;
- Алакөл бассейнінің туристік әлеуетін арттыру, сондай-ақ Қазақстанның жекелеген рекреациялық өңірлерінде туристік саланы дамыту бойынша әлеуметтік-танымдық кейстер
- Абай өңірінде креативті туризмді дамытудың жаңа модельдері әзірленеді;
- Абай өңірінде, жалпы Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар туристерге қолайлы әрі сапалы қызмет көрсетудің сапасын арттыру бойынша бірыңғай моделі;
- Алакөл алабының табиғи рекреациялық ресурстарын ұтымды пайдаланудың аймақтық жүйесі;
- Барлық-Арасан шипажайының бальнеотерапиялық және пелоидотерапиялық әлеуетін жетілдіру бойынша ұсыныстар;
- Барлық-Арасан шипажайының бальнеологиялық ресурстарын қорғау мен кешенді пайдалануды ұйымдастыру бойынша аналитикалық ұсыныстар;
- табиғи рекреациялық ресурстарды пайдалану, сақтау және қорғау бойынша шетелдік тәжірбилерге озық үлгілерін қазақстандық практикаға енгізудің алгоритмдері;
- табиғи рекреациялық ресурстарды мега (халықаралық), макро (мемлекеттік), микро (өңірлік) деңгейлерде сақтау мен қорғауды реттеудің жаңа тетіктері мен оны қазақстандық тәжірбиеге енгізудің моделі;
- Абай өңірінің Алакөл аймағында жалпы туризмді, оның ішінде (рекреациялық туризмді) қалыптастырудың әр түрлі бағдарламаларын іске асырудың экономикалық-математикалық модельдері;
- Абай өңірінде тарихи-мәдени, этнографиялық, этногастрономдық, курорттық, креативті туризмнің әлеуетін көтеру және дамыту бойынша жол картасы;
Қол жеткізілген нәтиже
1. Алакөлдің тарихын, сондай-ақ оның тарихи атауының этимологиясы гуманитарлық ғылымдар аспектісінде салыстырмалы талданды және оның семантикасын толық айқындау нәтижесінде БҒССБК ұсынған журналда 1 (бір) мақала жарияланды:
Әділов М., Екіжі М., Жиембай Б. Алакөл атауының этимологиясы: жаңа тәсілдер мен топонимиялық талдаудың аспектілері // Еуразия гуманитарлық институтының Хабаршысы. – 2025. – № 2. – Б.31-41. DOI: https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-2.04 ISBN 2957-5095
2. Алакөл өңірінің табиғаты мен географиялық орналасу ерекшелігіне қатысты көне жазбалар мен тарихи деректер жинақталды, жүйеленді және зерттеу нәтижесінде БҒССБК ұсынған журналда 2 (екі) мақала жарияланды:
Ильдеряков Н., Тулеубаев Ж. Комплексный анализ конструктивных особенностей курганных могильников раннего железного века в бассейне Алаколь // Gumilyov Journal of History. – 2025. – № 2(151). – С. 7-28. DOI: https://doi.org/10.32523/3080-129X-2025-151-2-7-28 ISBN 3080-129Х
Agybetova R., Sailaubay Y., Omarova A., Orynbekova A. The Tourist Potential of the Historical and Cultural Landscape of Lake Alakol // Bulletin of the International University of Tourism and Hospitality. – 2025. – № 3(9). – P. 17-25. DOI: https://www.doi.org/10.62867/3007-0848.2025-3.02 ISBN 3007-0848
3 Алакөлдің, оның ішінде Барлық-Арасанның бальнеологиялық және пелоидты ресурстар жүйесіне қатысты ежелгі аңыз-әңгімелер жинақталды және жүйеленді және олардың қазіргі медицинаның жетістіктерімен өзара байланысын пәнаралық тұрғыдан талдаудың нәтижесінде БҒССБК ұсынған журналда 1 (бір) мақала жарияланды:
Шәріп А.Ж, Кишкенбаева Түркі-моңғол әлемі тоғысындағы Барлық Арасан // Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. Саясаттану. Аймақтану. Түркітану сериясы. – 2025. – № 4. – Б. 227-240. DOI:https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-153-4-227-240
4. Алакөл алабының шығыс бөлігіндегі табиғи рекреациялық ресурстардың қазіргі жай-күйін ГАЖ/ЖҚЗ технологиялары арқылы салыстырмалы кешенді талдаудың нәтижесінде БҒССБК ұсынған журналда 2 (екі) мақала жарияланды:
Myrzabay Jetimov, Yerkin Tokpanov, Roza Mukhitdinova, Aiman Yessengabylova. Geoenvironmental assessment of hydro-mineral recreational resources in the eastern and southeastern parts of the Alakol lakes system //Bulletin of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. Series Chemistry. Geography. Ecology. – 2025. – № 4. – P.91-105. DOI: https://doi.org/10.32523/2616-6771-2025-153-4-91-105
Yessengabylova A.K., Tokpanov E.A., Jetimov M.A., Tuleubayev Z.Z. Elaboration of effective mechanisms for the development of recreational tourism on the Alakol coast // Tourism, Leisure and Hospitality. – 2025. – №. 2(9). – P. 74-86. DOI: https://doi.org/10.59649/2959-5185-2025-2-74-86 ISBN 2959-5193
5. Алакөл аймағының минералды сулары мен емдік балшықтарын тиімді пайдалану мен қорғауды геоэкологиялық тәсіл тұрғысынан кешенді зерттеудің нәтижесінде БҒССБК ұсынған журналда 1 (бір) мақала жарияланды:
Jetimov М., Ekici М., Tokpanov Ye., Mukhitdinova R. Geoecological analysis and evaluation of mineral waters in the Alakol basin in the context of recreational and health tourism//Eurasian Journal of Ecology. – 2025. – № 4. – P.114-123. DOI: https://doi.org/10.59649/2959-5185-2025-4-114-123 ISBN 1563-034X
6. Рекреациялық ресурстарды сақтау және қорғау бойынша шетелдік тәжірбилерді пәнаралық талдау және олардың озық үлгілерін қазақстандық практикаға енгізудің алгоритмдерін әзірлеудің нәтижесінде БҒССБК ұсынған журналда 2 (екі) мақала жарияланды:
Kakenova Z., Batyrbaev B. Opportunities for Sustainable Tourism Development in the Alakol Region in the Context of International Trends // //Bulletin of the Ablai Khan KazUIR&WL. Series: International Relations and Regional Studies». – 2025. – № 4. – P.219-238. DOI: https://doi.org/10.48371/ISMO.2025.62.4.013 ISBN 1562-6318 (БҒССБК)
Kishkenbayeva Zh.K., Agybetova R.E., Sailaubay Y., Omarova A.S. Recreational tourism potential on Lake Alakol in East Kazakhstan // Bulletin of the International University of Tourism and Hospitality. – 2025. – № 4. – P.204-215. DOI: https://www.doi.org/10.62867/3007-0848.2025-4.15
Алакөл өңірінің ерекшелігіне қатысты көне жазбалар мен тарихи деректерді жинақтау, жүйелеу және оларды синергетикалық парадигмалар аясында зерттеудің осы кезеңінде XVIII–XIX ғасырларда қалыптасқан эмпирикалық және сипаттамалық ғылыми деректерге негізделіп, саяхатшылар мен алғашқы зерттеушілердің бақылаулары табиғи жүйелердің құрылымын танудың бастапқы базасын құрады.
Зерттеу нәтижелері бойынша Абай өңірінің Алакөл аймағында жалпы туризмді, оның ішінде (рекреациялық туризмді) қалыптастырудың әр түрлі бағдарламаларын іске асырудың экономикалық-математикалық модельдері әзірленді.
Осы кезеңде Алакөл өңіріндегі рекреациялық туризмнің қазіргі жай-күйі эмпирикалық деректер мен әлеуметтанулық зерттеулердің негізінде жүйелі талдау жүргізілді. Зерттеу барысында туристік инфрақұрылымның даму деңгейі, жағажай аймақтарының жетілдірілуі және маусымдық жүктемелердің теңгерімсіздігі негізгі бағалау нысандарына айналды. Туристер арасында жүргізілген сауалнамалар санитарлық-гигиеналық жағдайдың, қауіпсіздік стандарттарының және ақпараттық навигацияның жеткіліксіздігі қызмет көрсету сапасына тікелей ықпал ететінін көрсетті.
Пайдалы сілтемелер
Жоба туралы
Сол кездегі жобалар
AP22685400 "Сиырлар мен қойлардың жыныс мүшелерінің ауруларын анықтау және қолдан ұрықтандыру үшін эндовидеовагиноскопты әзірлеу және сынақтан өткізу"
Муратбаев Даулетбек Манарбекович, қауымдастырылған профессор...
AP22686708 "Капсулаланған биологиялық белсенді қоспалары бар сүт өнімдерінің тағамдық қауіпсіздігін бағалау және технологиясын әзірлеудің ғылыми-практикалық негіздері"
Мұратбаев Әлібек Манарбекұлы, PhD
AP22684340 "Тербелмелі шекарасы бар перфорацияланған облыстағы Гинзбург-Ландау комплексті теңдеуінің аттракторларының асимптотикасы туралы"
Төлеубай Алтын Мұқанқызы, жаратылыстану ғылымдарының магистр...
AP22688434 "Қазақ әдебиетіндегі мемуаристика: ХХ ғасыр басындағы мұраны кешенді зерттеу"
Кәрімхан Заңғар Тілеуғазыұлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия...
AP22685422 "Мақсары майын өндіру тиімділігін жоғарылатуға арналған пресс жабдығын жетілдіру"
Мурсалыкова Майгуль Тауржановна, PhD – ORCID: 0000-0001-590...
Байланыс
Ғылыми бөлім:
+7 (7222) 31-31-75
science@shakarim.kz