AP22685422 "Мақсары майын өндіру тиімділігін жоғарылатуға арналған пресс жабдығын жетілдіру"
Жоба жетекшісі
Мурсалыкова Майгуль Тауржановна, PhD – ORCID: 0000-0001-5904-9544, Scopus Author ID: 58138937400
Өзектілігі
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасына сәйкес еңбек өнімділігін екі жарым есе арттыру, АӨК өнімінің экспортын екі есе ұлғайту және отандық өндірістің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету арқылы бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен құру қарастырылған.
Қазақстан Республикасында тамақ өнеркәсібін дамытудың басты бағыттарының бірі – май өндірісі. Қазіргі танда елімізде май өнеркәсібі күннен-күнге танымалданып, даму үстінде. Май өнеркәсібі саласын дамыту бағдарламасы шеңберінде Қазақстанда май дақылдарын өсіретін егіс алаңын 2030 жылдарға қарай қазіргі 2,36 млн. га-дан 5 млн. га дейін ұлғайту, сонымен қатар орташа есеппен өнім алуды 10,5 ц/га-дан 14 ц/га-ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл бағдарламаның - негізгі операторы Қазақстан Республикасының үкіметі, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық министрлігінің негізгі салалары болып табылатын агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың ұлттық бағдарламасымен бірлесіп әзірленген. Сондай-ақ май өндірісін оңтайлы дамытудың негізгі факторы - өнімді белсенді түрде сату, өйткені май және ақуызды өнімдерге деген әлемдік сұраныс артып келеді, ал Қазақстанның органикалық май өнімдерінің экспорттық әлеуеті Орталық Азия, Европа, Ресей және Қытай елдерінің нарығында жоғары орын алып отыр.
Мақсаты
Мақсары майын өндіру тиімділігін жоғарылату мақсатында пресс жабдығын арнайы қысымды реттеу механизммен жабдықтау арқылы жетілдіру.
Күтілетін нәтиже
Мақсары майын өндіру тиімділігін жоғарылату мақсатында пресс жабдығы жетілдіріледі. Ұсынылатын пресс жабдығы шнек орамдарына тарала берілетін арнайы қысым реттеу механизмімен жабдықталуымен ерекшеленеді және еліміздегі мақсары майын өндіру мәселесін тиімді шешудің ұтымды жолы ұсынылады. Ұсынылып отырған жоба өтінім беруші бұрын жүргізген ғылыми зерттеулердің жалғасы болып табылады. Алынған деректер Қазақстанда ғылымды дамыту үшін бірегей қызығушылыққа ие болады, сондай-ақ оң әлеуметтік және экономикалық нәтижеге әкеледі. Жоба аясында Web of Science дерекқорындағы импакт-факторы бойынша немесе Scopus дерекқорында кемінде 50 CiteScore процентиліне ие алғашқы үш квартильдегі журналдарда 2 (екі) мақала жарияланады. ҒЖБССҚК ұсынған отандық басылымдарда 4 (төрт) мақала жарияланады. ҚР пайдалы модельге 1 (бір) патент алынады.
Қол жеткізілген нәтиже
Қысым реттегіш механизм арқылы престеу процесін жетілдірудің математикалық модельдеу жүйесі мен инженерлік есептеу әдiстемесі жасалды. Математикалық модельдеу мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерінің сәйкестіктері престеу процесінің өзара факторларын (престеу температурасы, престеу жылдамдығы мен қысымы, май бөліну уақыты, жабдықтың конструкциялық ерекшеліктері, энергия шығыны мен өнімділік) ескере отырып, мақсары дәнінен майды тиімді бөлудің жетілдірілген инженерлік есептеулер арқылы дәлелденіп, әдiстемесі ұсынылды. Белгілі бір шеңбердегі жылдамдықтар мен диафрагмалық саңылау арасындағы байланысынан престеу процесінің талаптарын қанағаттандыратын, үйлесімді параметрлері ω=6,2 рад/с жылдамдық пен δ=5·10-3 м шнек пен зеерлі цилиндрлер саңылауларының көлбеулік қиылыстарынан көрсетілген үзік сызық арқылы майдың тиімді бөлінуі кезіндегі өнімділік пен қысымды анықтадық. Тәжірибелік алынған нәтижелер мен математикалық моделдеудің сараптама жүйесінің нәтижелері арасындағы сәйкестіктерінің ауытқу мөлшері 4,6 % аспайды. Осы зерттеулер нәтижесі «Өсімдік майын престеу процесінің математикалық моделін әзірлеу» атты мақалада көрсетілген. Мақала «Қазақстан ғылымы мен техникасы» (Торайғыров университеті) ғылыми журналына қабылданды.Престеу процесі кезінде өнімнің құрылымдық-механикалық қаситтерінің (шектік ығысу кернеуі, пластикалық тұтқырлық, тиімді тұтқырлық) престеу температурасы мен қалдық майлылыққа тәуелділігі тәжірибе жүзінде зерттелді. Жүргізілген тәжірибеде мақсары өнімінің құрылымды-механикалық қасиеттерін анықтауға қатты және пластикалық материалдарға арналған «Структурометр СТ-2» аспабы пайдаланылды. Күнжараның шектік ығысу кернеуін талдауға арналған аспап ретінде конус ұшының бұрышы 45° болатын «Конус» инденторы алынды.
Зерттеу нәтижелері бойынша «Өсімдік майын престеу процесінің математикалық моделін әзірлеу» (Торайғыров университетінің ғылыми журналы. Қазақстан ғылымы мен техникасы) атты мақала жарияланды.
Web of Science дерекқорындағы импакт-факторы бойынша немесе Scopus дерекқорында кемінде 50 CiteScore процентиліне ие алғашқы үш квартильдегі журналдарда 1 мақала жарияланды.
ҒжЖБССҚК ұсынған рецензияланған шетелдік және (немесе) отандық басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала жарияланды.
Scopus:
1. Maigul Mursalykova1, Gulnara Kokayeva2*, Mukhtarbek Kakimov3, Bozena Gajdzik4, Radosław Wolniak5*, Damian Dzienniak6 and Michał Bembenek6. Innovative Resource-Saving Equipment for Safflower Processing to Improve Oil Quality. Foods 2025, 14(9), 1596; (Q1, процентиль 87)
https://doi.org/10.3390/foods14091596 2025 ж. 30 сәуір жарияланды.
ҒжЖБССҚК:
2. Мурсалыкова М. Т., Какимов М. М., Касенов А. Л., Кокаева Г. А., Искаков Б. М. Өсімдік майын престеу процесінің математикалық моделін әзірлеу. Торайғыров университетінің ғылыми журналы. Қазақстан ғылымы мен техникасы. № 3 (2025), 117-136 бб.
https://doi.org/10.48081/PNGC2346 30.09.2025 жарияланды.
3. М.Т. Мурсалыкова, М.М. Какимов, А.Л. Касенов, Г.А. Кокаева, Б.М. Искаков. Өсімдік майын алу мақсатында мақсары дәндерін қайта өңдеу. Шәкәрім университетінің хабаршысы. № 3 (2025), 646-654 бб.
https://doi.org/10.53360/2788-7995-2025-3(19)-71 30.09.2025 жарияланды.
Пайдалы сілтемелер
Жоба туралы
Сол кездегі жобалар
AP22685400 "Сиырлар мен қойлардың жыныс мүшелерінің ауруларын анықтау және қолдан ұрықтандыру үшін эндовидеовагиноскопты әзірлеу және сынақтан өткізу"
Муратбаев Даулетбек Манарбекович, қауымдастырылған профессор...
AP22686708 "Капсулаланған биологиялық белсенді қоспалары бар сүт өнімдерінің тағамдық қауіпсіздігін бағалау және технологиясын әзірлеудің ғылыми-практикалық негіздері"
Мұратбаев Әлібек Манарбекұлы, PhD
AP22684340 "Тербелмелі шекарасы бар перфорацияланған облыстағы Гинзбург-Ландау комплексті теңдеуінің аттракторларының асимптотикасы туралы"
Төлеубай Алтын Мұқанқызы, жаратылыстану ғылымдарының магистр...
AP22688434 "Қазақ әдебиетіндегі мемуаристика: ХХ ғасыр басындағы мұраны кешенді зерттеу"
Кәрімхан Заңғар Тілеуғазыұлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия...
AP22688230 "Құрылыс кезеңінен пайдалану кезеңіне дейін бөлінген талшықты-оптикалық сенсорларды пайдалана отырып, нақты уақыт режимінде құрылыс іргетасының өнімділігін бақылау жүйесін әзірлеу"
Буранбаева Айгерім Муратқызы, PhD
Байланыс
Ғылыми бөлім:
+7 (7222) 31-31-75
science@shakarim.kz