AP22686708 "Капсулаланған биологиялық белсенді қоспалары бар сүт өнімдерінің тағамдық қауіпсіздігін бағалау және технологиясын әзірлеудің ғылыми-практикалық негіздері"
Жоба жетекшісі
Мұратбаев Әлібек Манарбекұлы, PhD
Өзектілігі
Қазіргі уақытта табиғи сүт өнімдерін тұтыну Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында ерекше өзекті болып табылады. Қазақстанның сүт өнеркәсібі дамуының қазіргі кезеңі күрделі экономикалық жағдайға және халықаралық жағдайдың өзгеруіне қарамастан, ауыл шаруашылығы өндірісінің салаларында сапалы өсуді қамтамасыз ете алатын жаңа тәсілдердің дамуымен сипатталады. Азық-түлік өнімдерінің жоғары сапасы мен қауіпсіздігі қазіргі уақытта Қазақстанның азық-түлік тәуелсіздігін сақтаудың маңызды алғышарттарының бірі және салауатты тамақтану саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды міндеті болып табылады.
Теңгерімді, адекватты тамақтану теориясының ғылыми негізделген талаптарына сәйкес адам рационын түзету және организмнің физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, халықтың әртүрлі жас топтарын құнарлы тамақпен қамтамасыз ету мәселесін шешуде басымдылық болып табылады. Сонымен қатар, қазіргі өмір сүру жағдайында адамның ауру қаупін арттыратын қолайсыз факторлардың болуы, адамның иммундық жүйесін ынталандыру қабілеті бар мақсатты өнімдерді жасауға көп көңіл бөлінеді. Осы мақсаттар үшін биологиялық белсенді қоспалар жақсы сәйкес келеді.
Сүт өнімдерінің өсімдік шикізатымен үйлесуі соңғы өнімнің құрылымын теңестіруге және денені қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Биологиялық белсенді тиімділігін арттыру үшін сүт өніміне капсулаланған биологиялық белсенді қоспалар қосылады. Капсулалауды қолдану биологиялық белсенді қоспанының сіңіру тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Мақсаты
Өсімдік тектес биологиялық белсенді қоспалары бар сүт өнімдерінің тағамдық қауіпсіздігін бағалау және технологиясын әзірлеу.
Күтілетін нәтиже
1) Зерттеу нәтижелері бойынша жоспарлануда: - Web of Science дерекқорындағы импакт-фактор бойынша алғашқы үш квартильдегі немесе Scopus дерекқорында CiteScore бойынша кемінде 50 процентилі бар журналдарда кемінде 2 (екі) мақала;
2) шетелдік және (немесе) қазақстандық баспалар кітаптарында монографияларды, кітаптарды және (немесе) кітаптардағы тарауларды жариялау: зерттеу нәтижелері бойынша монография шығару жоспарлануда;
3) шетелдік (еуропалық, американдық, жапондық) патенттік бюродан, қазақстандық немесе еуразиялық патенттік бюродан патенттер алу:
4) зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының пайдалы моделіне өтінім рәсімделетін болады;
5) ғылыми-техникалық, конструкторлық құжаттаманы әзірлеу: Нормативтік-техникалық құжаттама әзірленетін болады.
6) жұмыс нәтижелерін әлеуетті пайдаланушыларға, ғалымдар қауымдастығына және жалпы жұртшылыққа тарату: Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі мен технологиясы өндірісте енгізіледі, нормативтік техникалық құжаттаманы әзірлеу және бекіту, журналдарда жарияланымдар, монография шығару мен патент алу арқылы іске асырылатын болады;
7) жобаның ерекшеліктеріне сәйкес басқа да өлшенетін нәтижелер:
Қол жеткізілген нәтиже
Капсулалау материалы таңдалды (Капсуланың негізгі материалы ретінде альгинат, қосымша қорғау қабаты ретінде пуллуан қабылданды, таңдалған материал биологиялық белсенді қоспаны (ББҚ) ас қорыту жүйесінің агрессивті ортасынан қорғауға ықпал етеді).
Капсулалауға арналған полимердің морфологиялық және механикалық құрылымы зерттелді (Полимерлердің тұтқырлығы және ісінуі зерттелді. Жасанды асқазан-ішек жолдары ортасын модельдік жүйесінде капсуланың босатылуы зерттелді. Альгинат пен пуллуаннан алыңған капсулалар басқаларға қарағанда тұрақтырақ нәтиже көрсетті. Зерттеу нәтижесінде капсулалау материалы ретінде альгинат пен пуллуаннан таңдалды.).
ББҚ капсулалау әдісі таңдалды (Тамшылау және шашырату әдісітері салыстырылды. Нәтижесінде шашырату әдісмен алынған капсулалар құрылымы, дөңгелек пішіні және орташа пропорциясы 1,0×10-3м, біркелкі тегіс беті және жоғары тығыздығы бар біртекті шықты. Ал тамшылау әдісі арқылы алынған капсулалардың құрлымы біркелкі дөңгелек және орташа мөлшері 3,0×10-3м. Зерттеу нәтижесінде пішіні кішірек, әғни шашырату әдісмен алынған капсулалар таңдалды. Кішкентай пішінді капсулалар оргонолептикаға оң әсер етеді).
Әр түрлі пайызда капсулаланған ББҚ-ды енгізу арқылы оңтайлы мөлшер анықталуда. Капсулаланған ББҚ-ның мөлшеріне байланысты өнімнің реологиялық, органолептикалық көрсеткіштерінің өзгеруі зертелуде
Күнтізбелік жоспарға сәйкес Web of Science дерекқорындағы импакт-фактор бойынша алғашқы үш квартильдегі немесе Scopus дерекқорында CiteScore бойынша кемінде 50 процентилі бар журналдарда 1 (бір) мақала дайындалып жарияланды.
Muratbayev, A.; Idyryshev, B.; Kakimov, A.; Bepeyeva, A.; Jumazhanova, M.; Tashybayeva, M.; Zhumadilova, G.; Muratzhankyzy, N.; Imangaliyeva, Z.; Bazanova, A.
Development of Alginate–Pullulan Capsules for Targeted Delivery of Herbal Dietary Supplements in Functional Fermented Milk Products. Foods 2025, 14, 2878. https://doi.org/10.3390/foods14162878
(Q1, 87 процентиль). Опубликовано: 19 августа 2025 года.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес жоба бойынша аралық есеп дайындалды. Қысқаша мәліметтер толтырылды. № госрегистрации 0325РК00471.
Пайдалы сілтемелер
Жоба туралы
Сол кездегі жобалар
AP22685400 "Сиырлар мен қойлардың жыныс мүшелерінің ауруларын анықтау және қолдан ұрықтандыру үшін эндовидеовагиноскопты әзірлеу және сынақтан өткізу"
Муратбаев Даулетбек Манарбекович, қауымдастырылған профессор...
AP22684340 "Тербелмелі шекарасы бар перфорацияланған облыстағы Гинзбург-Ландау комплексті теңдеуінің аттракторларының асимптотикасы туралы"
Төлеубай Алтын Мұқанқызы, жаратылыстану ғылымдарының магистр...
AP22688434 "Қазақ әдебиетіндегі мемуаристика: ХХ ғасыр басындағы мұраны кешенді зерттеу"
Кәрімхан Заңғар Тілеуғазыұлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия...
AP22685422 "Мақсары майын өндіру тиімділігін жоғарылатуға арналған пресс жабдығын жетілдіру"
Мурсалыкова Майгуль Тауржановна, PhD – ORCID: 0000-0001-590...
AP22688230 "Құрылыс кезеңінен пайдалану кезеңіне дейін бөлінген талшықты-оптикалық сенсорларды пайдалана отырып, нақты уақыт режимінде құрылыс іргетасының өнімділігін бақылау жүйесін әзірлеу"
Буранбаева Айгерім Муратқызы, PhD
Байланыс
Ғылыми бөлім:
+7 (7222) 31-31-75
science@shakarim.kz