AP23484846 "Тағам қауіпсіздігі мен дұрыс тамақтанудың заманауи талаптарына сай келетін экологиялық таза шикізаттан жасалған жартылай фабрикаттар технологиясын әзірлеу"
Жоба жетекшісі
Нұрымхан Гүлнүр Несіптайқызы, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
Өзектілігі
Ұсынылып отырған ғылыми жоба жаңа жартылай фабрикаттар рецептурасы мен технологиясын қарастырумен қатар, оларды коммерциализация бойынша өндірісте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелердің маңыздылығын арттыруды көздейді. Ғылыми жоба аясында жергілікті экологиялық таза шикізаттардан өндірілген жартылай фабрикаттардың бірнеше жаңа түрлері алынатын болады.
Мақсаты
Экологиялық таза шикізаттан жасалған жартылай фабрикаттардың технологиясын жаңа тізбекте құрастыру, өндірістен сатылымға дейінгі өмірлік циклінің тәуекелдерін бағалау және тағамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтиже
Экологиялық таза шикізаттардан өндірілген жартылай фабрикаттар ассортименттерін көбейте отырып, жаңа цех құрылады
Экологиялық таза шикізатты өңдеу кезінде тәуекелдерді басқару бойынша әдістемелік нұсқаулар жасалады
Тамақ өнімдерін бақылау жүйесі құрылады
«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесінің жұмыс тобы туралы ереже» жасалады
Қауіпті факторларға талдау жасалады
ХАССП жоспары жасалады
Жаңа тамақ өнімдеріне нормативтік-техникалық құжаттама жасалады
Өндірістік процестерді бақылау және бақылау нысандары жасалады
Экологиялық таза шикізаттан алынған жартылай фабрикаттар түрлерінің сапасының кешенді көрсеткіштері, тамақ қауіпсіздігі зерттеледі, нормативтік-техникалық құжаттама әзірленеді, технология сынақтан өткізіледі
Science Citation Index Expanded индекстелетін және (немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша 50 (елу) кем емес процентилі бар жобаның ғылыми бағыты бойынша рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 3 (үш) мақала және (немесе) шолу жарияланады
кемінде өнертабысқа 1 патент (ол бойынша оң шешімді қосқанда) алынады
1 (бір) философия докторы PhD дайындалады.
Қол жеткізілген нәтиже
Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін басқарудың интеграцияланған жүйесінің моделі әзірленді, ХАССП жүйесімен типтік құжаттама кешендері құрылды.
Ғылыми-зерттеу жобасы аясында әзірленген өнім сапасы мен қауіпсіздігін басқару жүйесінің (ХАССП) кеңейтілген моделін сипаттайды. Жоба тақырыбы – «Экологиялық таза шикізаттан заманауи азық-түлік қауіпсіздігі мен салауатты тамақтану талаптарына сай ет жартылай фабрикаттарын өндіру технологиясын әзірлеу». Жұмыс Шәкәрім университетінде ИП «Масаева А.Т.» өндірістік кәсіпорнымен бірлесіп орындалды.
Алынған зерттеулер нәтижесі бойынша Web of Science деректер базасының Science Citation Index Expanded-те индекстелетін және импакт-фактор бойынша 1, 2 немесе 3 квартильдерге кіретін немесе Scopus базасында 50-ден кем емес процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымда 2 мақала жазылды.
1. CiteScore бойынша Scopus базасында процентильі 79 мақала жарияланды.
(https://www.mdpi.com/2076-3417/15/17/9556): G. Nurymkhan, A. Nurgazezova, G. Tumenova, Z.Atambayeva, N. Muslimova, B. Kulushtayeva, S. Zhakupbekova, L. Bakirova, A. Kambarova,
аnd E.Okuskhanova. Effects of Spinach Addition on the Nutritional Value, Functional Properties, Microstructure and Shelf Life of Lamb Meat Dumplings// Applied Sciences 15(17) том, №9556 DOI:10.3390/app15179556
Жврияланды: 28 тамыз 2025 ж.
2. CiteScore бойынша Scopus базасында процентильі 56 мақала жарияланды.
(https://www.mdpi.com/2227-9717/13/10/3171):
G.Nurymkhan, Z.Kalibekkyzy, D.Orynbekov,
Assenova, A. Kambarova, A. Dautova, A. Maizhanova,
G. Zhumanova, Z.Atambayeva and E. Okuskhanova. The Effect of a Multi-Component Plant Supplement on the Nutritional Value of Meat Patties// Processes 13(10) том, №3171 DOI: 10.3390/pr13103171
Жарияланды: 06 қазан 2025 ж.
3. ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынған басылымда бір мақала жарияланды.
Zh. Atambaeva, S. Tumenov, G. Tumenova, A. Nurgazezova, G. Nurymhan. Effect of sprouted green buckwheat on organoleptic properties and microstructure of meat cutlets// BULLETIN OF SHAKARIM UNIVERSITY TECHNICAL SCIENCES SCIENTIFIC JOURNAL № 3 (19) 2025. Семей, 2025
https://doi.org/10.53360/2788-7995-2025-3(19)-29
Жарияланды: 30 қыркүйек 2025 ж.
Майжаноова А. О., Амирханов К. Ж., Нүрымхан Г. Н., Жакупбекова Ш. К., Даутова А. А. Исследование пищевой и биологической ценностей композитной муки из льняного и конопляного жмыха // [Шәкәрім университетінің Хабаршысы]. – 2025. – № 4(20). – С. 466–475.
DOI: https://doi.org/10.53360/2788-7995-2025-4(20)-55
Жарияланды: 26 желтоқсан 2025 ж.
Пайдалы сілтемелер
Жоба туралы
Сол кездегі жобалар
AP22685400 "Сиырлар мен қойлардың жыныс мүшелерінің ауруларын анықтау және қолдан ұрықтандыру үшін эндовидеовагиноскопты әзірлеу және сынақтан өткізу"
Муратбаев Даулетбек Манарбекович, қауымдастырылған профессор...
AP22686708 "Капсулаланған биологиялық белсенді қоспалары бар сүт өнімдерінің тағамдық қауіпсіздігін бағалау және технологиясын әзірлеудің ғылыми-практикалық негіздері"
Мұратбаев Әлібек Манарбекұлы, PhD
AP22684340 "Тербелмелі шекарасы бар перфорацияланған облыстағы Гинзбург-Ландау комплексті теңдеуінің аттракторларының асимптотикасы туралы"
Төлеубай Алтын Мұқанқызы, жаратылыстану ғылымдарының магистр...
AP22688434 "Қазақ әдебиетіндегі мемуаристика: ХХ ғасыр басындағы мұраны кешенді зерттеу"
Кәрімхан Заңғар Тілеуғазыұлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия...
AP22685422 "Мақсары майын өндіру тиімділігін жоғарылатуға арналған пресс жабдығын жетілдіру"
Мурсалыкова Майгуль Тауржановна, PhD – ORCID: 0000-0001-590...
Байланыс
Ғылыми бөлім:
+7 (7222) 31-31-75
science@shakarim.kz