Жаңалықтар 18.02.2026 273

«Журналист болғың келсе...» шығармашылық байқауына шақырамыз!

«Журналист болғың келсе...» шығармашылық байқауына шақырамыз!

Шәкәрім университеті, Тілдік коммуникация кафедрасы 2026 жылдың 24 ақпанында «SEMEI» телеарнасының құрылғанына 60 жыл толуына орай Абай облысының жалпы білім беретін мектептерінің 10-11-сынып оқушылары арасында «Журналист болғың келсе...» тақырыбында «6B03202 – Журналистика, SMM және PR» білім беру бағдарламасы бойынша дәстүрлі шығармашылық онлайн байқау өткізеді.

Журналистикаға бейімі бар талантты оқушыларды анықтау, оқушылардың өзіндік ой-көзқарасын қалыптастыру, креативті ойлау қабілетін арттыру және журналистік шеберліктерін дамыту, журналистика мамандығына түсуге ниет білдірген оқушыларға кеңес беруді мақсат еткен конкурс екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде «SEMEI» телеарнасының жаңалықтар бағдарламасының жүргізушісі ретінде жаңалықтар топтамасына видеоматериал дайындау қажет. Онда өзектілік, жеделділік, деректілік, нақтылық болуы шарт.

Ал екінші кезең«Қаламым жүйткі, қарышта...» эссе жазу байқауы. Мұнда қатысушы «Журналист болу – менің саналы таңдауым», «Егер мен журналист болсам...», «Мен таңдаған мамандық», «Болашаққа апарар жол», «Болашақтың бастауы – рухы биік ұрпақта», «TikTok дәуіріндегі журналистика: тренд пе, әлде қауіп пе?» тақырыптарының бірін таңдауына немесе мазмұнға сай авторлық тақырып ұсынуына болады.

Байқау – қазақ тілінде. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды.

Байқау қорытындысы 24 ақпан күні сағат 12.00-де онлайн форматта, Zoom платформасында өткізіледі.

«SEMEI» телеарнасы: дәстүрлі форматтан цифрлық жаңашылдыққа дейін» тақырыбында «SEMEI» телеарнасының редактор-журналистері онлайн кездесуде ой-бөліседі.

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру