Жаңалықтар 19.03.2026 115

Жаңару күні – жаңғыру мен жаңа бастамалардың символы

«Digital Nauryz – 2026» жобасы аясында ұйымдастырылған «Наурызнама» онкүндігі – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қоғамға рухани серпіліс сыйлайтын маңызды бастамалардың бірі. Осы онкүндік шеңберіндегі айтулы күндердің бірі – Жаңару күні.

Жаңару күні – табиғаттың түлеп, тіршіліктің қайта жанданатын мезгілімен үндесетін, адам баласын жаңа мақсаттарға жетелейтін ерекше мереке. Бұл күн тек табиғаттың жаңаруы ғана емес, сонымен қатар әр адамның ішкі жан дүниесінің жаңғыруын, болашаққа сеніммен қадам басуын білдіреді. Көктемнің жылы лебі мен табиғаттың қайта жандануы – жаңа бастамаларға шабыт беретін қуатты күш.

Осы айтулы мерекеге орай Шәкәрім университетінің Ветеринария кафедрасы, Ауыл шаруашылығы кафедрасы және Студенттік парламенті бірлесіп, игі бастамаға ұйытқы болды.

Ұйымдастырушылар көктемгі ағаш егу және жылыжайға гүл отырғызу іс-шарасын өткізіп, табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосты.

Мұндай игі іс-шаралар жастарды еңбекқорлыққа, табиғатты аялауға және қоғамдық жауапкершілікке тәрбиелейді.

Көктеммен бірге келген бұл мереке әрбір жанға қуаныш, үміт пен шабыт сыйласын. Әр күніңіз жарқын, әр қадамыңыз сәтті болып, жаңа жетістіктерге жетелей берсін!

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру