Жаңалықтар 21.04.2026 44

XVIII Республикалық студенттік олимпиададағы жетістік

XVIII Республикалық студенттік олимпиададағы жетістік

Елорда төрінде Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдық мерейтойы аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 800-ден астам білімді студенттердің басын қосқан XVIII республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. 13 білім беру бағдарламасы бойынша өткен олимпиада қатысушылардың білім деңгейі мен практикалық дағдыларын бағалауға, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы академиялық байланыстарды нығайтуға бағытталған.

Шәкәрім университеті «Техникалық физика және жылу энергетика» кафедрасының намысын құрамында ТЭ - 2402 тобының студенттері – Аружан Амандинова мен Вадим Карпов бар 6В07103 - «Жылу энергетикасы» білім беру бағдарламасының командасы лайықты қорғады.

Үш күнге созылған бәсекеге толы сайыстың қорытындысы бойынша университет командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, командалық есепте 3-ші орынды иеленді.

Жекелей өткен білім бәйгесінде 3-орынды жеңіп алып, терең теориялық білімі мен нақты практикалық дағдыларын көрсете білген Аружан Амандинованың жетістігін ерекше атап өткен жөн.

Команданың жетістігі – бұл студенттердің қажырлы еңбегінің ғана емес, сонымен қатар, қатысушылардың дайындығына елеулі үлес қосқан басшылардың: О. А.Степанова мен Е. Н. Мясоедованың кәсіби тәлімгерлігінің нәтижесі.

Қол жеткен нәтижелер жылу энергетикасы саласындағы мамандарды даярлау деңгейінің жоғары екендігін растайды және инженерлік білім беруді дамытуға қосылған маңызды үлес екені де анық.

Студенттерімізді жеңісімен құттықтай отырып, бұдан да үлкен табыстар, жаңа ғылыми жетістіктер және республикалық және халықаралық деңгейлерде жарқын жеңістер тілейміз!

XVIII Республикалық студенттік олимпиададағы жетістік

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру