Жаңалықтар 27.01.2026 696

«WhatsApp» мессенджеріне қатысты жаңа киберқатер

«WhatsApp» мессенджеріне қатысты жаңа киберқатер

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасыҚұқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы «WhatsApp» мессенджеріне қатысты жаңа киберқатер туралы ескертеді.

Әлемдік (https://infobezopasnost.ru/blog/news/kiberataka-ghostpairing-pozvolyaet-moshennikam-poluchit polnyj-dostup-k-whatsapp-bez-vzloma-parolya/, https://www.securitylab.ru/news/567291.php,

https://securitymedia.org/news/list/ataka-ghostpairing-pozvolyaet-nezametno-zakhvatyvat-akkaunty-whatsapp.html) дереккөздерге сүйенсек, WhatsApp мессенджеріндегі аккаунттарды «басып алудың» жаңа әдісі «GhostPairing» деп аталады. Бұл әдіс арқылы алаяқтар парольді бұзбай, SIM-картаны ауыстырмай немесе күрделі хакерлік шабуылдарсыз мессенджерге толық қол жеткізе алады. Олар WhatsApp-тың аккаунтқа қосымша құрылғыларды (мысалы, компьютердегі браузерді) байлау мүмкіндігін пайдаланады.

Сценарий өте қарапайым: пайдаланушыға «Facebook» немесе «WhatsApp» атынан жалған хабарлама келеді. Ол хабарламада «Facebook» пен «WhatsApp» интерфейсін дәл қайталайтын жалған сайтқа өтуге шақырады. Сол сайтта телефон нөмірі мен растау кодын енгізу сұралады. Осы ақпаратты бергеннен кейін, зиянкес автоматты түрде жәбірленушінің аккаунтын сенімді құрылғы ретінде тіркеп, «WhatsApp»-қа толық қол жеткізеді: хабарламаларды оқу, медиафайлдарға қарау, байланыстар тізімін көру, хабарлама жіберу және фотогалереяға кіру мүмкіндігі пайда болады. Телефон әдеттегідей жұмыс істейді және ешқандай күдік тудырмайды.

«WhatsApp»-тағы осындай басып алуды тексерудің жалғыз жолы — «Байланыстырылған құрылғылар» бөлімін қолмен қарап шығу. Егер белгісіз құрылғы қосылған болса, бұл аккаунтыңыз бұзылғанын білдіреді және оны дереу жою керек.

Киберқауіпсіздік ережелерін ұмытпаңыздар:

- Белгісіз хабарламаларға, қоңырауларға және ескертулерге сақ болыңыздар;

- «WhatsApp» кодын ешқандай сыртқы сайттарға енгізбеңіздер, қосымша сыртынан код сұрау — алаяқтықтың белгісі;

- Екі факторлы аутентификацияны қосыңыздар;

- Аккаунтыңыздың белсенділігін үнемі тексеріп отырыңыздар;

- Қорғаныс бағдарламаларын қолданыңыздар.

Бір ғана қате — жеке хат алмасуыңыздың толық бақылауға алынуы. Сондықтан абай болыңыздар!

«WhatsApp» мессенджеріне қатысты жаңа киберқатер
«WhatsApp» мессенджеріне қатысты жаңа киберқатер

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру