Жаңалықтар 22.01.2026 861

УНИВЕРСИТЕТТЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ БАР

УНИВЕРСИТЕТТЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ БАР

Инклюзивті білім беру – дамуында белгілі бір деңгейде тежелісі бар балаларды денсаулығы қалыпты балалармен бірге оқыту жүйесі. Әрине, қандай ата-ана үшін де баласының қатарынан қалмағаны маңызды. Болашақта олардың қоғамдағы орнын айқындау үшін де мұндай білім беру жүйесінің ықпалы зор.

Нақты деректермен айтар болсақ, инклюзивті білім алатын оқушы дені сау балалармен бірге өз жасындағы сыныбында, тобында оқиды және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады.

Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқыту үрдісі, тиісті қабылданған заңдар аясында Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітіліп, қолданысқа енген.

Ерекше білімді қажет ететін жас ұрпақты оқыту олардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын жетілдіруге талпынады. Оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді.

Осы мақсатта Шәкәрім университетінің №3 оқу ғимаратында университет ректоры Думан Орынбековтің бастамасымен «Инклюзивті білім беруді дамыту ресурстық орталығының» салтанатты ашылуы өткен болатын. Оған Абай облыстық білім басқармасының басшылығы, университет, колледж оқытушылары, педагогтар, сала мамандары қатысып, игілікті істің куәсі болды.

Осы саланың болашақ мамандарын, ұстаздық бағытты таңдаған студенттердің тәжірибесін шыңдайтын бұл орталықта инклюзивті білім беру орталығының бейімделген оқу кеңістігі, инклюзивті практикаға бейімделген кәсіби даярлық кабинеті, «Balance Space» психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеті және инклюзивті білім берудің ресурстық кабинеттері жұмыс жасайды.

"Орталықтың негізгі мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін сапалы жоғары білім алуын толықтай қамтамасыз ету, олардың білім алу үдерісін кешенді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, сондай-ақ, болашақ педагогтар мен мамандарды инклюзивті білім беру ортасында кәсіби қызметке даярлау. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың басым бағыттарымен толық үйлеседі. Инклюзивті білім беруді дамыту ресурстық орталығы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жүргізуге бағытталған болашақ мамандарды даярлауға, сондай-ақ білім алушылардың жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сапалы жоғары білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған заманауи материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базамен жабдықталған. Орталықтың оқу кеңістігі теориялық білім мен практикалық дағдыларды ұштастыратын инновациялық үлгіде ұйымдастырылып отыр",- дейді инклюзивті білім беру стратегиясының жетекшісі Әсем Қасымова.

Орталық ішіндегі кабинеттер болашақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған арнайы ұйымдастырылған оқу ортасы ретінде қызмет атқарады. Мұнда білім алушылардың логопедия, арнайы педагогика, инклюзивті білім беру, түзете-дамыту педагогикалық тәсілдер бағыттары бойынша білімдерін тәжірибе жүзінде жетілдіруіне мүмкіндік бар. Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сенсорлық, коммуникативтік, когнитивтік қабілеттерін дамытуға арналған арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету, диагностикалық құралдар мен дидактикалық материалдар кеңінен қолданылады.

Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі

УНИВЕРСИТЕТТЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ БАР
УНИВЕРСИТЕТТЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ БАР
УНИВЕРСИТЕТТЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ БАР
УНИВЕРСИТЕТТЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ БАР
УНИВЕРСИТЕТТЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ БАР
УНИВЕРСИТЕТТЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ БАР
УНИВЕРСИТЕТТЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ БАР
УНИВЕРСИТЕТТЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ БАР

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру