Жаңалықтар 16.01.2026 439

Тұрақты даму – университеттің ортақ жауапкершілігі

Тұрақты даму – университеттің ортақ жауапкершілігі

Шәкәрім университетінде 2026 жылғы «Қысқы мектеп» аясында профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерге арналған тұрақты даму және БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша оқыту семинары өткізілді.

Аталған семинар тұрақты даму қағидаттарын нақты түсінуді қалыптастыруға, сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарын университеттің білім беру, ғылыми-зерттеу және басқару қызметіне үйлестіру бойынша практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған. Семинар барысында Стратегиялық жоспарлау және сапа менеджменті орталығының басшысы Жанар Орынқанова тұрақты дамудың заманауи тәсілдері, университеттердің ТДМ-ға қол жеткізудегі рөлі, сондай-ақ, білім беру ұйымдарының әлеуметтік-экономикалық дамуға қосатын үлесін өлшеу және дәлелдеу мәселелерін қарастырды.

Семинарда оқытушылардың күнделікті қызметінің – білім беру бағдарламаларының, ғылыми зерттеулердің, жобалар мен бастамалардың тұрақты даму мақсаттарымен байланысына ерекше назар аударылды. Қатысушыларға жекелеген іс-шаралардан жүйелі әрі өлшенетін нәтижелерге көшу логикасы жан-жақты түсіндірілді.

Бұл оқыту университеттің тұрақты даму мәдениетін қалыптастыру, стратегиялық басқару сапасын арттыру және ұлттық әрі халықаралық білім беру кеңістігіндегі позициясын нығайтуға бағытталған кешенді жұмысының бір бөлігі деуге болады.

Shakarim University тұрақты даму қағидаттарын өз қызметіне жүйелі түрде енгізе отырып, оларды білім беру сапасын арттырудың, ғылыми зерттеулерді дамытудың және өңірмен өзара тиімді ықпалдастық орнатудың маңызды тетігі ретінде қарастырады.

Тұрақты даму – университеттің ортақ жауапкершілігі
Тұрақты даму – университеттің ортақ жауапкершілігі
Тұрақты даму – университеттің ортақ жауапкершілігі
Тұрақты даму – университеттің ортақ жауапкершілігі

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру