Жаңалықтар 28.04.2025 21

«Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері» семинары өтті

«Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері» семинары өтті

Шәкәрім университетінде қызметкерлер мен оқытушылық құрамға арналған техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша «Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Іс-шара қоғамдық техникалық инспектор Нұржан Нұрғалиевтің жетекшілігімен өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру, өндірістік және оқу процесінде қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы түсіндіру, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек заңнамасы бойынша білімін арттыру болды.

Семинар барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар таныстырылды. Қоғамдық техникалық инспектор еңбекті қорғаудың маңыздылығын атап өтіп, жұмыс орындарында қауіпсіздік талаптарын сақтау, өндірістік тәуекелдерді алдын-ала анықтау және олардың алдын алу жолдары туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

Іс-шара барысында өндірістік жарақаттанудың алдын алу, қауіпті факторларды бағалау, еңбек жағдайларын жақсарту және қауіпсіз жұмыс ортасын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Қатысушыларға төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету алгоритмдері, жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалану және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтарды сақтау қажеттілігі туралы ақпарат берілді.

Семинар интерактивті форматта өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелік ұсыныстар мен түсіндірмелер алды. Мұндай іс-шаралар мамандардың кәсіби қызметінде қауіпсіздік талаптарын дұрыс сақтауға, еңбек мәдениетін қалыптастыруға және өндірістік тәуекелдерді азайтуға ықпал етеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

«Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері» семинары өтті
«Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері» семинары өтті

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру