Жаңалықтар 26.02.2026 101

Сапалы білім – бәсекеге қабілетті маман негізі

Сапалы білім – бәсекеге қабілетті маман негізі

26 ақпан күні «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының ұйымдастыруымен «Білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері: сапаны арттыру стратегиялары» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өтті. Аталған семинар білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеру, оқу үдерісін заман талаптарына сай жаңғырту және теория мен практиканың өзара байланысын нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында еңбек нарығының нақты сұраныстарына сәйкес білім беру бағдарламаларын жаңарту, заманауи құзыреттерді қалыптастыру, сондай-ақ жұмыс берушілермен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.

Семинардың ашылуында кафедра меңгерушісі Мәдина Жилгильдинова алғысөз сөйлеп, білім беру сапасын арттырудың стратегиялық бағыттарына тоқталды. Ол өз сөзінде білім беру бағдарламаларын жетілдірудің маңыздылығын атап өтіп, оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу мен кәсіби даярлықтың сапасын арттыру қажеттігін ерекше атап өтті.

Семинар аясында білім беру бағдарламаларының мазмұны, оқу нәтижелерін қалыптастыру тетіктері, пәндердің өзара байланысы және тәжірибеге бағытталған оқытудың рөлі жан-жақты таныстырылды. Сонымен қатар, білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған заманауи әдістер мен тәсілдер ұсынылды.

Сараптамалық пікірлер алаңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді. Талқылау барысында білім беру бағдарламаларын жетілдірудің өзекті мәселелері көтеріліп, оларды шешудің тиімді жолдары қарастырылды. Семинар қорытындысында қатысушылар тарапынан нақты ұсыныстар беріліп, алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

Сапалы білім – бәсекеге қабілетті маман негізі
Сапалы білім – бәсекеге қабілетті маман негізі
Сапалы білім – бәсекеге қабілетті маман негізі
Сапалы білім – бәсекеге қабілетті маман негізі
Сапалы білім – бәсекеге қабілетті маман негізі

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру