Жаңалықтар 11.02.2026 492

Шәкәрім университетінің мамандары – Қытайдағы IT технологиялар тағылымдамасында

Шәкәрім университетінің мамандары – Қытайдағы IT технологиялар тағылымдамасында

Шәкәрім университетінің оқытушылары мен жас мамандары Қытай Халық Республикасының Huazhong University of Science and Technology (HUST) университетінде өткен «China-Central Asia Advanced Computing Training Program» халықаралық білім беру тағылымдамасына қатысып қайтты. Бұл жоба Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы ғылыми және білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Бағдарламаға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан IT саласының мамандары шақырылып, оларға заманауи IT-индустрияның негізгі бағыттары бойынша оқыту жүргізілді. Оқу курсы жоғары өнімділікті есептеулер (HPC), параллель есептеулер, жасанды интеллект (Edge AI, LLM), компьютерлік көру және кванттық технологиялар сияқты өзекті тақырыптарды қамтыды. Сабақтарды HUST университетінің жетекші профессорлары өткізді.

Теориялық біліммен қатар, қатысушылар университеттің зертханалары мен Ухан қаласындағы суперкомпьютер орталығына барып, заманауи есептеу инфрақұрылымымен танысты. Курс соңында барлық қатысушыларға HUST университетінің құрмет грамоталары мен Қытай Халық Республикасының Ғылым және технология министрлігінің (MOST) ресми сертификаттары табысталды.

Шәкәрім университетінің мамандары – Қытайдағы IT технологиялар тағылымдамасында
Шәкәрім университетінің мамандары – Қытайдағы IT технологиялар тағылымдамасында
Шәкәрім университетінің мамандары – Қытайдағы IT технологиялар тағылымдамасында
Шәкәрім университетінің мамандары – Қытайдағы IT технологиялар тағылымдамасында

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру