Жаңалықтар 10.02.2026 302

Шәкәрім университеті оқытушыларының Қытай еліндегі ғылыми тағылымдамасы – халықаралық ынтымақтастықтың жаңа белесі

Шәкәрім университеті оқытушыларының Қытай еліндегі ғылыми тағылымдамасы – халықаралық ынтымақтастықтың жаңа белесі

Шәкәрім университеті мен Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті арасындағы халықаралық ынтымақтастық аясында «Ауыл шаруашылығы» кафедрасының аға оқытушылары А. Закиева және Ж. Байгазакова Қытай Халық Республикасында ғылыми тағылымдамадан өтіп, тәжірибе жинақтады.

Тағылымдама барысында Шәкәрім университетінің ғалымдары Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің негізгі ғылыми-зерттеу бағыттарымен жан-жақты танысып, ауыл шаруашылығы саласындағы заманауи технологиялар мен инновациялық шешімдерге назар аударды. Атап айтқанда, бидай селекциясы мен тұқым өсірудің озық әдістері, ауыл шаруашылығы ресурстарын тиімді басқару жүйелері, интенсивті бақша шаруашылығының үздік тәжірибелері, сондай-ақ өсімдіктерді қорғаудың кешенді жүйелері мен инновациялық препараттарды қолдану тәсілдері кеңінен қарастырылды.

Сонымен қатар, іссапар аясында оқытушылар Анкан университетінің Орталық Азия мемлекеттерімен бірлесіп индустрияны дамытудың инженерлік орталығын құру жобасымен танысты. Бұл жоба ауыл шаруашылығы және өндіріс салаларын дамытуға бағытталған маңызды бастама. Аталған жоба шеңберінде «Жібек шаруашылығы және жібек өндірісі» бағыты бойынша тұт ағашын өсіру технологиялары арқылы бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Қазіргі таңда Шәкәрім университетінде тұт ағашының тұқымдарын өсіру бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының алғашқы нәтижелері алынды. Зерттеу барысында тұқымдардың өнгіштік көрсеткіштері анықталып, бастапқы талдау жүргізілді. Аталған жоба келісімшарт негізінде жүзеге асырылып, тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды қамтуда. Бүгінде университет зертханасында тұқым сапасын арттыру, өсімдіктің өсуіне қолайлы жағдай жасау және агротехникалық тәсілдерді жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Бұл бастамабілім алушылардың орман тұқым шаруашылығы мен орманекпелері саласындағы кәсіби құзыреттерін арттыруға бағытталған. Білім алушылар бұл бағыт бойыншатеориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарына тікелей қатысу арқылы тәжірбиелік дағдыларын жетілдіруде.Алдағы кезеңде ғылыми топтұт ағашынан жоғары өнім алудыжоспарлапотыр. Жобаның нәтижелері өңірдің экологиялық және ғылыми әлеуетін дамытуға оң әсер етеді деп күтілуде.

Сонымен қатар, Шәкәрім университеті мен Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті арасындағы серіктестіктің маңызды бағытының бірі – Ландшафттық архитектура және дизайн колледжімен бірлескен жаңа жоба болып отыр.Жоба өңірлік флораны сақтау мен көбейтуді, сондай-ақ университет аумағын білім алушылар мен қала тұрғындары үшін тартымды демалыс орнына айналдыруды мақсат етеді. Осы бағытта тұт ағашын зерттеу жұмыстары жалғасын табуда.

Ғылыми тағылымдама оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, Абай облысының ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау жолында бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға септігін тигізеді. Іссапар аясындағы ғалымдар тәжірибесі алдағы уақытта білім беру үдерісіне және ғылыми-зерттеу жұмыстарына енгізілмек.

Шәкәрім университеті оқытушыларының Қытай еліндегі ғылыми тағылымдамасы – халықаралық ынтымақтастықтың жаңа белесі
Шәкәрім университеті оқытушыларының Қытай еліндегі ғылыми тағылымдамасы – халықаралық ынтымақтастықтың жаңа белесі
Шәкәрім университеті оқытушыларының Қытай еліндегі ғылыми тағылымдамасы – халықаралық ынтымақтастықтың жаңа белесі
Шәкәрім университеті оқытушыларының Қытай еліндегі ғылыми тағылымдамасы – халықаралық ынтымақтастықтың жаңа белесі
Шәкәрім университеті оқытушыларының Қытай еліндегі ғылыми тағылымдамасы – халықаралық ынтымақтастықтың жаңа белесі
Шәкәрім университеті оқытушыларының Қытай еліндегі ғылыми тағылымдамасы – халықаралық ынтымақтастықтың жаңа белесі
Шәкәрім университеті оқытушыларының Қытай еліндегі ғылыми тағылымдамасы – халықаралық ынтымақтастықтың жаңа белесі
Шәкәрім университеті оқытушыларының Қытай еліндегі ғылыми тағылымдамасы – халықаралық ынтымақтастықтың жаңа белесі
Шәкәрім университеті оқытушыларының Қытай еліндегі ғылыми тағылымдамасы – халықаралық ынтымақтастықтың жаңа белесі

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру