Жаңалықтар 28.03.2026 73

«Шәкәрім білім гранты» – жас таланттарға жол ашқан дода

Шәкәрім университетінде профессор Қинаят Шаяхметұлының 85 жылдық мерейтойына орай мектеп оқушылары арасындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен республикалық олимпиаданың ІІ кезеңі өз мәресіне жетті.

«Шәкәрім білім гранты» жүлдесі үшін өткен бұл білім сайысы дарынды жастардың қабілетін шыңдап, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталды.

Олимпиада барысында қатысушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен тапсырмаларды орындап, шығармашылық қабілеттерін де танытты. Нәтижесінде үздіктер анықталып, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды.

Байқау қорытындысы бойынша Ақниет Ибрайм І орынды иеленіп, «Шәкәрім білім гранты» жүлдесінің иегері атанды. Бұл жетістік – талап пен табандылықтың, білімге деген құштарлықтың айқын дәлелі.

Іс-шара тек білім сайысымен шектелмей, өнер мерекесіне де ұласты. Қатысушылар арнау өлеңдерін оқып, ән шырқап, өз өнерлерін ортаға салды. Университеттің өнер кафедрасының білім алушылары да сахна төрінде әсем әндерін әуелетті.

Аталған олимпиада – жас ұрпақты білімге ынталандырып қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға үлкен үлес қосатын маңызды алаңға айналды.

«Шәкәрім білім гранты» –  жас таланттарға жол ашқан дода
«Шәкәрім білім гранты» –  жас таланттарға жол ашқан дода
«Шәкәрім білім гранты» –  жас таланттарға жол ашқан дода
«Шәкәрім білім гранты» –  жас таланттарға жол ашқан дода
«Шәкәрім білім гранты» –  жас таланттарға жол ашқан дода
«Шәкәрім білім гранты» –  жас таланттарға жол ашқан дода
«Шәкәрім білім гранты» –  жас таланттарға жол ашқан дода
«Шәкәрім білім гранты» –  жас таланттарға жол ашқан дода
«Шәкәрім білім гранты» –  жас таланттарға жол ашқан дода

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру