Президент Алғыс хатымен марапатталды
PhD, Қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы Қарлығаш Әділханқызы Әубәкірова қоғамдық-саяси маңызы бар іс-шараларға белсенді қатысып, ел өміріне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатына ие болды.
Бұл марапат – ұстаздың кәсіби қызметімен қатар, қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымының айқын көрінісі. Қарлығаш Әділханқызы білім беру саласында сапалы маман даярлауға үлес қосып қана қоймай, түрлі қоғамдық бастамалар мен мәдени-ағартушылық іс-шаралардың ұйымдастырылуына және жүзеге асуына белсене атсалысып келеді.
Оның ғылыми-педагогикалық қызметі мен қоғамдық жұмысты қатар алып жүруі – қазіргі заман ұстазының жан-жақты болмысын айқындайды. Осындай еңбектің жоғары деңгейде бағалануы – жас ұрпаққа үлгі боларлық маңызды жетістік.
Қарлығаш Әділханқызын марапатыменн құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!