Жаңалықтар 16.01.2026 690

Парасаттылық пен қауіпсіз қоғам қалыптастыруға қадам

Парасаттылық пен қауіпсіз қоғам қалыптастыруға қадам

Шәкәрім университетінде қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлер үшін «Парасаттылық сағаты» ұйымдастырылды. Аталған іс-шара университеттің корпоративтік мәдениетін нығайтуға, адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын орнықтыруға бағытталды.

«Парасаттылық сағаты» барысында қызметкерлерге университет ұстанатын этикалық қағидалар жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, қызметтік әдебін сақтау, академиялық және кәсіби адалдық, әріптестік қарым-қатынастағы өзара сыйластық пен жауапкершілік мәселелері кеңінен қозғалды. Университет қызметкерінің мінез-құлқы мен іс-әрекеті білім беру ұйымының беделін қалыптастыратын маңызды фактор екені атап өтілді.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға айрықша назар аударылды. Қатысушыларға жемқорлықтың алдын алу тетіктері, құқықтық жауапкершілік, адал қызмет етудің маңызы мен ашықтық қағидалары түсіндірілді. Бұл бағыттағы саясаттың басты мақсаты – әділ, сенімді әрі қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыру екені айтылды.

Іс-шара аясында қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – терроризм мен экстремизмнің алдын алу тақырыбы да назардан тыс қалмады. Қызметкерлерге радикалды идеологиялардың қауіптілігі, олардың алдын алу жолдары, ақпараттық қауіпсіздік пен азаматтық жауапкершіліктің маңызы жөнінде мағлұмат берілді. Әрбір қызметкердің қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауға үлес қосуы – ортақ міндет екені атап өтілді.

«Парасаттылық сағаты» жаңадан келген қызметкерлерге университеттің құндылықтар жүйесін терең түсінуге, кәсіби ортаға тез бейімделуге және жауапты азаматтық ұстаным қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Парасаттылық пен қауіпсіз қоғам қалыптастыруға қадам
Парасаттылық пен қауіпсіз қоғам қалыптастыруға қадам
Парасаттылық пен қауіпсіз қоғам қалыптастыруға қадам
Парасаттылық пен қауіпсіз қоғам қалыптастыруға қадам

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру