«Өнер» кафедрасы оқушылар арасында олимпиада өткізді
Шәкәрім университетінің «Өнер» кафедрасы Абай облысының жалпы білім беретін мектептерінің 9–11 сынып оқушылары арасында сурет, кескіндеме және сызу пәндері бойынша облыстық олимпиада ұйымдастырды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты:
– дарынды әрі шығармашыл оқушыларды анықтау және қолдау;
– оқушылардың көркемдік және графикалық дағдыларын дамыту;
– бейнелеу өнері мен сызу пәндеріне қызығушылықты арттыру;
– болашақ талапкерлерге кәсіби бағдар беру.
Олимпиада барысында қатысушыларға шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін 4 сағат уақыт берілді. Қатысушылар тапсырмаларды өз деңгейлеріне сай жоғары жауапкершілікпен орындап, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.
Оқушылардың өнеріне: сурет пәні бойынша Р.Оразалиева, К.Абдуллина, А.Алмабек;
кескіндеме пәні бойынша Т. Татиев, Е.Татиев, А.Каримова; сызу пәні бойынша Р.Берікбол, М.Татиева, К.Ақпаров қазылық етіп, әділ бағасын берді.
Олимпиада қорытындысы бойынша үздік деп танылған оқушылар мен олардың жетекшілері дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.