Мектеп оқушыларына терроризмнің алдын алу жолдары түсіндірілді
Шәкәрім университеті құрамындағы «Shakarim High School» мектебінің оқушыларына Ахуалдық басқару бөлімінің басшысы Серікжан Қапанов терроризмге қарсы қауіпсіздікке арналған тәжірбиелік дәріс өткізді.
Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларына террористік қатерлердің алдын алу, осал объектілерде қауіпсіздік ережелерін сақтау және төтенше жағдай кезінде дұрыс іс-қимыл жасау дағдыларын қалыптастыру.
Дәріс барысында оқушылар «терроризм» және «экстремизм» ұғымдарымен танысып, олардың қоғамға тигізетін кері әсері туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, күдікті заттар анықталған жағдайда немесе террористік қауіп туындағанда қандай әрекеттер жасау қажет екенін егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Сондай-ақ, оқушыларға осал объектілерде, адамдар көп жиналатын орындарда қауіпсіздік шараларын сақтау, бұзақылық әрекеттер жасалған жағдайда ақпаратты тиісті органдарға дер кезінде хабарлаудың маңызын атап өтті.
Аталған дәріс оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, олардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған. «Shakarim High School» мектебінде терроризмнің алдын алуға арналған түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.