Кітап – достық көпірі
Ұлттық кітап күні қарсаңында №5 оқу ғимаратының кітапханасында Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебінің білім алушылары арасында «Кітап – достық көпірі» атты мазмұнды пікірталас ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – кітаптың түрлі мәдениеттер мен көзқарастарды тоғыстырып, адамдарды жақындастыратын рухани құрал ретіндегі маңызын ашу, сондай-ақ білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру болды.
Қатысушылар «Қолдаушылар» және «Скептиктер» болып екі топқа бөлініп, кітаптың қоғамдағы рөлі туралы өз көзқарастарын ортаға салды. Талқылау барысында білім алушылар кітаптың адамдарды біріктірудегі, мәдени құндылықтармен алмасудағы және өзара түсіністікті нығайтудағы маңызын әр қырынан талдап, мазмұнды пікірлер білдірді.
Іс-шара соңында белсенділік танытқан білім алушыларға алғыс хаттар табысталды.