Жаңалықтар 07.03.2026 46

Ғылымдағы табыс – мереке қарсаңындағы марапат

Ғылымдағы табыс – мереке қарсаңындағы марапат

«Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының меңгерушісі Ольга Александровна Степанованы академик Н. Базанова атындағы беделді марапатқа ие болуымен шын жүректен құттықтаймыз!

2026 жылғы 6 наурызда, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясында академик Н. Базанова атындағы марапатты табыстау рәсімі өтті. Бұл марапат ғылым мен қолданбалы зерттеулерді дамытуға елеулі үлес қосып, жоғары ғылыми нәтижелерге қол жеткізген отандық әйел ғалымдарды қолдау және ынталандыру мақсатында беріледі.

Аталған марапат – ғылым саласында табысқа жеткен әйелдердің кәсіби жетістіктерін мойындаудың маңызды белгісі. Сонымен қатар ол әйелдердің еліміздің ғылыми әлеуетін арттырудағы рөлін айқындап, ғылым, білім және инновация бағыттарында олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді. Мұндай бастамалар гендерлік теңдік қағидаттарын нығайтып, Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға да өз үлесін қосады.

Ольга Александровнаны лайықты марапатымен тағы да құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа ғылыми жетістіктер, тың жобалар, шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тілейміз. Сіздің еңбегіңіз ғылымның дамуына және болашақ мамандарды даярлауға зор үлес қоса беретініне сенімдіміз.

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру