Ғалымдарымыз – мемлекеттік ғылыми стипендия иегері
Еліміздің ғылыми әлеуетін арттыру жолында жас ғалымдардың рөлі ерекше. Олардың жаңа идеялары, инновациялық ізденістері мемлекеттің дамуына тың серпін берері сөзсіз. Осы орайда, Шәкәрім университетінің бір топ ғалымдарының мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атануы – қуанышты жаңалық.
Мемлекеттік ғылыми стипендия:
Қайрат Серікжанұлы Бекбаев - техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, биоинженерлік жүйелер кафедрасының меңгерушісі.
Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия:
Берік Арыстанбекұлы Идырышев - PhD, тамақ технологиясы кафедрасының постдокторанты;
Әділет Мұхитұлы Сүгірбай - PhD, ауыл шаруашылығы кафедрасының постдокторанты, конструкторлық бюро басшысы;
Елдос Нүсіпұлы Тоқтарбай - қазақ филологиясы кафедрасының гранттық жобалар бойынша ғылыми қызметкері.
Бағалау барысында үміткерлердің ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелілігі, ғылыми жобаларға басшылық жасау, ғылыми жарияланымдардың сапасы мен саны, сондай-ақ отандық ғылымның дамуына қосқан үлесі ескерілді.
Жас ғалымдардың әлеуеті – ел болашағының кепілі. Олардың ғылымға деген құштарлығы, жаңалыққа деген ұмтылысы, еліміздің ғылыми-техникалық прогресін алға жетелейтін басты күш. Мемлекеттік ғылыми стипендиялар – осы жас таланттарды қолдаудың, олардың ғылыми зерттеулерін ынталандырудың маңызды тетігі. Бұл стипендиялар жас ғалымдарға өздерінің идеяларын жүзеге асыруға, халықаралық деңгейдегі зерттеулерге қатысуға, ғылыми әлеуетін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
Стипендиаттарды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және ғылыми қызметте табыс тілейміз!