Директорлар кеңесінің отырысында университеттің даму басымдықтары талқыланды
Шәкәрім университетінде Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда оқу орнының стратегиялық даму бағыттары мен алдағы жоспарлары жан-жақты талқыланды.
Отырысқа Директорлар кеңесінің төрағасы Күнсұлу Дальтонқызы Закарья және кеңес мүшелері Балтабек Құмарұлы Мұқашев, Меруерт Маутханқызы Маутханова, Аида Ардаққызы Маусымбаева арнайы қатысып, университет қызметінің негізгі бағыттары бойынша қаралған мәселелерге өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Күн тәртібінде университеттің стратегиялық даму жоспарының орындалуы, білім беру сапасын арттыру, ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіру, инфрақұрылымды жаңғырту және қаржылық-шаруашылық қызметке қатысты өзекті мәселелер қаралды. Сондай-ақ бірқатар баяндамалар тыңдалып, олар бойынша нақты ұсыныстар мен маңызды шешімдер қабылданды.
Отырыстан кейін Директорлар кеңесінің мүшелері университеттің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бейімбет Дәрібаев оқу орнының AI-SANA ұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асырып жатқан жобаларын таныстырды. Бүгінде университетте білім алушылар мен профессорлық-оқытушылар құрамына қолдау көрсететін 11 жасанды интеллект агенті табысты жұмыс істеп келеді. Бұл цифрлық шешімдер оқу үдерісін жетілдіруге, әкімшілік жұмыстарды оңтайландыруға және білім сапасын арттыруға бағытталған.
Қонақтар университет жанындағы Shakarim High School мектебін, Шәкәрім музейін аралап, заманауи оқу кабинеттері мен білім беру инфрақұрылымының мүмкіндіктерімен танысты.
Сапар барысында Директорлар кеңесінің мүшелері Семей қаласында салынып жатқан жаңа ет өңдеу кешенінің құрылыс алаңына да барды. Құрылыс жұмыстарының барысымен бас мердігер ұйымның учаске бастығы Ержан Абылқасымов таныстырды.
Оның айтуынша, қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталған. Нысанда 150-ге жуық адам еңбек етуде. Жақын күндері негізгі технологиялық жабдықтар жеткізіліп, күз айларында кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр.
Жаңа ет өңдеу кешені тәулігіне екі мыңға жуық ұсақ мал өңдеуге қауқарлы. Сонымен қатар тәулігіне 10 тоннаға дейін шұжық өнімдерін, 7–8 тонна консерві және жартылай дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді. Жоба аясында қалдықсыз өндіріс технологиясы енгізіліп, сүйек өнімдері шығарылып, мал терісі де толық өңделетін болады. Бұл өндірістің тиімділігін арттырып қана қоймай, шикізатты толық кәдеге жаратуға мүмкіндік береді.
«Еуразия Агро Семей» компаниясының құрылтайшысы Балтабек Мұқашевтың айтуынша, бұл халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетін, терең өңдеу технологиясымен жабдықталған заманауи ет өңдеу кешені болады.
– Біздің мақсатымыз – табыстың негізгі үлесі фермерлерге тиесілі болуы. Сонда олар мал шаруашылығын дамытуға бұрынғыдан да ынталы болады. Біз үшін экспорттық бағыт та аса маңызды. Қазіргі таңда Қытай, Гонконг, Жапония, Оңтүстік Корея және Нидерландымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар Индонезия, Малайзия және Біріккен Араб Әмірліктері тарапынан да үлкен қызығушылық байқалып отыр, – деді ол.
Жаңа өндіріс орны өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттырып қана қоймай, Қазақстанның ұлттық ет брендін қалыптастыруға да елеулі үлес қоспақ. Заманауи технологиялармен жабдықталған кәсіпорын ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп, отандық өнімнің экспорттық әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.
Шәкәрім университетінде өткен бұл кездесу білім, ғылым және өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған ірі жобалардың жүзеге асуына тың серпін беретін маңызды басқосу болды.
Директорлар кеңесі өкілдерінің Шәкәрім университетіндегі жұмысы ертең де жалғасады.