Жаңалықтар 08.04.2026 34

«Digital-педагог» олимпиадасында жеңіс тұғырынан көрінді

«Digital-педагог» олимпиадасында жеңіс тұғырынан көрінді

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында 6В013 – «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша ХVII республикалық пәндік олимпиада өтті. Бұл ауқымды додаға еліміздің жоғары оқу орындарынан үздік студенттер қатысып, өз білімдері мен шеберліктерін сынға салды.

Шәкәрім университетінің студенттері «Digital-педагог: интеллект, технологиялар, білім беру» тақырыбындағы ХVII Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі ІІІ орынды иеленді!

Шәкәрім университетінің (6В01301 “Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі”) ПМНО-2503с тобының білім алушылары: Н Орынбекова, М. Мәулетбекқызы, А. Мауткалиева, А.Маутенгазина жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды еншіледі.

Қатысушылар заманауи цифрлық білім беру технологияларын тиімді қолдана отырып, оқыту үдерісін жетілдіруге бағытталған инновациялық идеяларын ұсынды. Жоба білім беру сапасын арттырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ғылыми жетекші - педагогика ғылымдарының кандидаты Бейбітгүл Шәкәрімқызы Тұрғанбаева.

Қатысушыларымыз бен жетекші ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Болашақ – білімді, креативті, цифрлық сауатты жастардың қолында!

«Digital-педагог» олимпиадасында жеңіс тұғырынан көрінді
«Digital-педагог» олимпиадасында жеңіс тұғырынан көрінді
«Digital-педагог» олимпиадасында жеңіс тұғырынан көрінді

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру