Жаңалықтар 26.01.2026 498

Дәстүрлі спартакиада. Жаңарған бассейн.  Жаңа серпін.

Дәстүрлі спартакиада. Жаңарған бассейн.  Жаңа серпін.

Шәкәрім университетінің қайта жаңғыртылған №1 Спорт кешенінде  дәстүрге айналған Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында өтетін Спорт мерекесіне жиналған қауым университет командаларының әсерлі шеруін зор ықыласпен қарсы алды.

Университет ректоры Думан Орынбеков құттықтау сөз сөйлеп, спартакиаданың мәні мен қоғамдағы спорттың рөліне ерекше назар аударды. Ректор өз сөзінде бұл іс-шараның қатысушыларға ынтымақтастық пен бірлік сезімін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Құрметті қатысушылар мен қонақтар! Дәстүрлі спартакиаданың ашылуымен сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Спорт – денсаулықтың кепілі ғана емес, сонымен бірге ұжымдық бірліктің, рухани берік байланыстың негізі. Біздің басты мақсатымыз – салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, бұқаралық спортты дамыту арқылы әрбір азаматтың денсаулығы мен өмір сапасын арттыру, сондай-ақ ұжым ішіндегі достық пен ынтымақтастықты нығайту»- деді ол.

Келесі құттықтау сөз Шәкәрім университетінде ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаз Бәтилә Ерменоваға берілді. Ардагер ұстаз өз сөзінде бүгінгі атқарылып жатқан жұмыстардың келешек үшін жасалып жатқан игі бастама екенін айтып, бұл – ұрпаққа қалатын үлкен сара жол екенін ерекше атап өтті.

Ардагер ұстаз Анатолий Сидельниковтің айтуынша, бұл спорт кешені осыдан 46 жыл бұрын Семей қаласының студенттері мен тұрғындарының бірлескен еңбегімен бой көтерген.

«Құрылыс жұмыстарының 20 пайыздан астамын Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Семей қаласындағы филиалының студенттері атқарды. Құрылысшылар ғимаратты салса, біз қолымыздан келгенше қолғабыс еттік. 1980 жылдың қыркүйегінде жүзу бассейні іске қосылып, осы кешенде қалалық, облыстық, республикалық, тіпті, 1982 жылы Бүкілодақтық деңгейдегі жарыстар өткізілді. Ол кезде бұл дене шынықтыру саласына қызмет көрсеткен облыстағы жалғыз кешен еді. Бүгінгі жаңғыртылған нұсқасын көріп, шынымен де таңғалып тұрмын. Жөндеу жұмыстары сапалы жүргізілген, кешеннің жаңарғанына көңілім толды»,- дейді Анатолий Вадимович.

Іс-шараның маңызды әрі тарихи сәттерінің бірі – ұзақ жылдар бойы пайдаланылмай келген, 2025 жылы күрделі жөндеуден өткен жүзу бассейнінің қайта іске қосылуы болды. Жалпы аумағы 25х14 метрді құрайтын бассейн заманауи талаптарға сай жаңғыртылып, алдағы уақытта университет қауымы мен қала тұрғындарының игілігіне қызмет етпек.

Салтанатты бөлімнен кейін спорт ардагерлері арасында арнайы ойындар ұйымдастырылып, тартысты жарыстар көрермендер назарына ұсынылды. Бұл сәттер спорттың жас талғамайтынын, денсаулық пен белсенді өмір салтының әрдайым маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Айта кетейік, үш аптаға созылатын спартакиада аясында қатысушылар футзал, волейбол, стритбол, үстел теннисі, шахмат, гір көтеру, қол күресі, тоғызқұмалақ, жүзу және шаңғы тебу секілді спорт түрлерінен өзара бақ сынайды. Бұл дода ұжым мүшелерінің белсенділігін арттырып қана қоймай, бірлік пен ынтымақты нығайтатын жарқын спорт мерекесіне айналмақ.

Дәстүрлі спартакиада. Жаңарған бассейн.  Жаңа серпін.
Дәстүрлі спартакиада. Жаңарған бассейн.  Жаңа серпін.
Дәстүрлі спартакиада. Жаңарған бассейн.  Жаңа серпін.
Дәстүрлі спартакиада. Жаңарған бассейн.  Жаңа серпін.
Дәстүрлі спартакиада. Жаңарған бассейн.  Жаңа серпін.
Дәстүрлі спартакиада. Жаңарған бассейн.  Жаңа серпін.
Дәстүрлі спартакиада. Жаңарған бассейн.  Жаңа серпін.
Дәстүрлі спартакиада. Жаңарған бассейн.  Жаңа серпін.
Дәстүрлі спартакиада. Жаңарған бассейн.  Жаңа серпін.

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру