Жаңалықтар 09.02.2026 36

Болашақ педагогтарды даярлау: Еңбек нарығының талаптарына сай білім беруді жаңғырту

Болашақ педагогтарды даярлау: Еңбек нарығының талаптарына сай білім беруді жаңғырту

6 ақпан күні Мансап және практика бөлімінің ұйымдастыруымен «Заманауи педагог: еңбек нарығы талаптарын білім беру процесіне енгізу» тақырыбында жұмыс берушілер кеңесінің отырысы өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты – білім беру процесін еңбек нарығының қазіргі талаптарына сәйкес жаңарту арқылы педагогтардың кәсіби дайындық сапасын арттыру және оқытуда инновациялық әдістерді кеңінен қолдану болды.

Отырысты Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Динара Оспанова ашып, қатысушыларға сәтті жұмыс тіледі. Одан кейін бірқатар спикерлер сөз сөйлеп, маңызды мәселелерді көтерді.

Білім беру бағдарламаларын жобалау және әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы А. Зарлыканова қазіргі қолданыстағы білім беру бағдарламаларының еңбек нарығының талаптарына сәйкестігін талдады. Оқу үрдісін ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ж. Абдраимова бакалаврлардың дипломдық жобаларын жетілдірудің өзекті бағыттарына тоқталды. Ал Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау орталығының басшысы С. Касымов педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламалары бойынша магистрлік диссертация тақырыптарын бекіту барысында жұмыс берушілермен тиімді байланыс орнату жолдарын ұсынды.

Отырыс барысында білім беру ұйымдарының басшылары мен жұмыс беруші өкілдері педагог кадрларды даярлау мәселелері, практикалық бағыттағы оқытуды күшейту, сондай-ақ, түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары бойынша пікір алмасты. Қатысушылар өз ұсыныстарын білдіріп, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстарын ортаға салды. Бұл ұсыныстар болашақ педагогтарды даярлау сапасын арттыруға және олардың еңбек нарығындағы сұранысқа сай болуына ықпал ететіні сөзсіз.

Кеңес қорытындысы бойынша білім беру процесін еңбек нарығының сұранысына бейімдеу және жұмыс берушілермен ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттілігі атап өтілді.

Болашақ педагогтарды даярлау: Еңбек нарығының талаптарына сай білім беруді жаңғырту
Болашақ педагогтарды даярлау: Еңбек нарығының талаптарына сай білім беруді жаңғырту
Болашақ педагогтарды даярлау: Еңбек нарығының талаптарына сай білім беруді жаңғырту
Болашақ педагогтарды даярлау: Еңбек нарығының талаптарына сай білім беруді жаңғырту
Болашақ педагогтарды даярлау: Еңбек нарығының талаптарына сай білім беруді жаңғырту
Болашақ педагогтарды даярлау: Еңбек нарығының талаптарына сай білім беруді жаңғырту
Болашақ педагогтарды даярлау: Еңбек нарығының талаптарына сай білім беруді жаңғырту
Болашақ педагогтарды даярлау: Еңбек нарығының талаптарына сай білім беруді жаңғырту
Болашақ педагогтарды даярлау: Еңбек нарығының талаптарына сай білім беруді жаңғырту

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру