Жаңалықтар 18.08.2026 14

Аустралиялық тәжірибе – Абай өңірінде: Шәкәрім университеті мен Мёрдок университеті ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырды

Аустралиялық тәжірибе – Абай өңірінде: Шәкәрім университеті мен Мёрдок университеті ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырды

Бүгін Шәкәрім университетіне Аустралияның Мёрдок университетінің (Murdoch University) делегациясы арнайы әріптестік сапармен келді. Делегация құрамында Мёрдок университетінің Жаһандық байланыстар жөніндегі проректорының орынбасары Саймон Джон МакКирди, Тамақ өнеркәсібін дамыту перспективалары институтының проректоры Питер Мостин Дэвис, сондай-ақ Мёрдок университетінің Дубай кампусының атқарушы директоры және стратегиялық серіктестік жөніндегі директоры Мохамед Абдулхалек Мохамед Ба бар.

Шетелдік делегация мүшелерін Шәкәрім университетінің ректоры-Басқарма төрағасы Думан Орынбеков, Басқарма мүшесі – интернационалдандыру және инновациялар жөніндегі проректоры Ерасыл Дулатбай бастаған оқу ордасының ғалымдары мен ұстаздар ұжымы қарсы алды.

Алдымен айтар болсақ, бұл кездесу Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бір күн бұрын Аустралияның Мёрдок университетінің өкілдерімен кездесуінің нәтижесі. Кездесу барысында Шәкәрім университеті мен Мёрдок университеті арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту және Семей қаласында Аустралия университетінің филиалын ашудың мүмкіндіктері қарастырылып, қос оқу орыны арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғаны белгілі.

Тағы бір атап өтер жайт, халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамыту мақсатында 2026 жылғы 2 ақпанда «Шәкәрім университеті» КеАҚ өкілдері мен Murdoch University арасында жұмыс кездесуі өткен болатын. Кездесу қорытындысы бойынша академиялық ұтқырлықты дамыту, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, сондай-ақ бірлескен және қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумды дайындау жөнінде келісімге қол жеткізілді. Қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі пысықтау аясында 2026 жылғы сәуірде екі тараптың өкілдері «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшылығымен кездесу өткізіп, оның барысында «Шәкәрім университеті» КеАҚ жас ғалымдары мен зерттеушілерінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде Мёрдок университетінде ғылыми тағылымдамадан өту мәселелері талқыланған болатын.

Шәкәрім университетінің Бас ғимаратындағы кездесуді ашқан ректор Думан Орынбеков Мёрдок университетімен әріптестік осы оқу ордасының халықаралық байланыстарын нығайту мақсатындағы маңызды қадам екендігін атап өтті. Яғни, тек білім беру саласындағы тәжірибе алмасулармен ғана шектелмей, ғылыми зерттеулер, технология трансфері, академиялық ұтқырлық және өңір экономикасына қажетті мамандар даярлау бағыттарында жүйелі жұмыс атқару көзделіп отыр.

-Кеше Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен Шәкәрім университеті базасында Мёрдок университетінің филиалын ашу жөніндегі меморандумға қол қойылды. Мёрдок университетімен әріптестік – Шәкәрім университетінің халықаралық байланыстарын жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам. Біз бұл ынтымақтастықты тек білім беру саласындағы байланыстармен шектемей, ғылыми зерттеулер, академиялық ұтқырлық және өңір экономикасына қажетті мамандар даярлау бағыттарында дамытуды көздейміз»,- деді Думан Орынбеков.

Өз кезегінде Мёрдок университетінің жаһандық байланыстар жөніндегі проректорының орынбасары Саймон Джон МакКирди Қазақстанға, соның ішінде Абай облысына келген сапарында Шәкәрім университетімен әріптестік орнатылғанына қуанышты екенін жеткізе отырып, Австралия мен Қазақстанның ауылшаруашылығы саласын дамытуда ұқсастықтар барына тоқталды.

Мёрдок университеті – QS World University Rankings 2027 рейтингінде 422-орында тұрған жетекші университет болып саналады. Әлемге әйгілі оқу ордасының ауыл шаруашылығы, ветеринариялық медицина, азық-түлік қауіпсіздігі және тағам технологиялары бағыттарындағы ғылыми-білім беру тәжірибесі халықаралық деңгейде жоғары бағаланады.

-Мен Батыс Австралиядағы Мёрдок университетінің жаһандық байланыстар жөніндегі Вице-Канцлерінің орынбасарымын. Біздің университет 25 жыл бұрын Сингапурмен, 17 жыл бұрын Жапониямен осындай жоғары деңгейде байланыс орнатқан еді. Одан өзге Дубаймен де байланысымыз нақты жолға қойылған. Шәкәрім университетімен серіктестік орнату екі жоғары оқу орны үшін де үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Әсіресе ауыл шаруашылығы мен ғылыми зерттеулерге басымдық бере отырып, білім беру бағдарламалары мен зерттеу бағыттарын дамытуға әлеуетіміз зор. Шәкәрім университетімен де бүгінгі әріптестік меморандум келешекте жақсы нәтижелерге қол жеткізеді деп сенемін,- деді австралиялық мәртебелі мейман.

Осы орайда Шәкәрім университетінің де ғылымның түрлі бағыты бойынша жоғары деңгейдегі жетістіктері баршылық екенін атап өткен жөн. THE Sustainability Impact Ratings 2026 халықаралық рейтингінде университет 801–1000 тобына кіріп, БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсатының 15 бағыты бойынша бағаланып отыр. Университет Қазақстанның ең үздік он жоғары оқу орнының қатарына кіреді.

Шәкәрім университетінің стратегия және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Асқар Қасымов оқу ордасының негізгі қызмет бағыттары, оқу орнының стратегиялық басымдықтары және даму жоспарлары жайында кеңінен мағлұмат берді.

Бас ғимаратта өткен кездесуден соң Мёрдок университетінің делегациясы Шәкәрім университетінің оқу орнының ғылыми, білім беру және өндірістік инфрақұрылымымен танысу мақсатында бірнеше зертханаларында болды.

Шәкәрім Lab орталығының директоры Александар Кливенко осы орталықта орналасқан өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу технологиясы, электрондық микроскопия, химиялық зертхана тағы да басқа түрлі бағыттағы ғылыми зертханалардың жұмыс барысымен кеңінен таныстырды. Сондай-ақ шетелдік қонақтар университеттің Инженерлік орталығы, «Құрт өндіру технологиясы және ет жартылай фабрикаттарын өндіру» оқу-өндірістік алаңы, Агротехнопарк, сондай-ақ «Агроөнеркәсіп кешені өнімдерін валоризациялау» ғылыми-тәжірибелік орталығында атқарылып жатқан жұмыстар барысын көріп, шынайы қызығушылық танытты.

Мәселен, Инженерлік орталықтағы «Материалдар бетін өңдеудің плазмалық технологиялары» зертханасының, «Материалтану және материалдардың бетін модификациялау электролиттік-плазмалық технологиялар» зертханасының жас мамандары отандық ғылымды дамытудағы жаңалықтары жайында ойларын ортаға салды.

Ал «Құрт өндіру технологиясы және ет жартылай фабрикаттарын өндіру» оқу-өндірістік алаңы тамақ өнімдерінің физика-химиялық қасиеттерін зерттеуге арналған озық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Қазақтың ұлттық тағамының ерекшелігіне тәнті болған аустриялық меймандар бұл бағытта студенттер мен магистранттар өз білімдерін өндіріс жағдайында қолданып, ізденіс аясын кеңейтуіне де мүмкіндік барына көз жеткізді.

Аустралиялық делегацияның бұдан кейінгі жұмыс сапарының бағыты Абай облысының ауылшаруашылығы өндірісімен танысуға жалғасты.

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру