Жаңалықтар 17.04.2026 104

Ашық есік күні – болашаққа бастар қадам!

Ашық есік күні – болашаққа бастар қадам!

Шәкәрім университетінде Шәкәрім жоғары колледжінің ұйымдастыруымен Семей қаласының мектеп оқушыларына арналған «Ашық есік күні» жоғары деңгейде өтті. Бұл іс-шара – жас талапкерлер үшін мамандық таңдауда маңызды бағыт-бағдар беріп, болашаққа деген сенімді арттырған ерекше күн болды.

Іс-шара барысында колледж ұжымы оқушыларды жылы қарсы алып, оқу орнының тыныс-тіршілігімен кеңінен таныстырды. Қонақтарға арналған концерттік бағдарлама ұсынылып, өнерлі студенттердің жарқын өнері көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ән мен биден құралған көркем қойылымдар оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Сонымен қатар, оқытушылар мен білім алушылар арнайы таныстырылымдар өткізіп, әр мамандықтың ерекшеліктері, оқу үдерісі және болашақтағы мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Өз тәжірибелерімен бөліскен студенттер талапкерлерге шынайы пікірлерін айтып, олардың көкейіндегі сұрақтарға нақты жауаптар ұсынды. Бұл өз кезегінде оқушыларға таңдаған мамандықтарының қыр-сырын тереңірек түсінуге, дұрыс шешім қабылдауға үлкен көмегін тигізетіні анық.

Ашық есік күні – тек таныстыру іс-шарасы ғана емес, талапкерлердің арманына бір қадам жақындауына жол ашқан маңызды сәт болды. Осындай мазмұнды кездесулер жас буынның болашағына сенім ұялатып, олардың дұрыс таңдау жасауына ықпал ететіні сөзсіз.

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру