Академиялық адалдық және жемқорлықсыз қоғам: Шәкәрім университетіндегі ашық диалог
Шәкәрім университетінің №3 оқу ғимаратында «Integrity Talks: Академиялық адалдық және жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында TEDx форматындағы кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – университетте академиялық адалдық қағидаттарын нығайту, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық құндылықтарын дәріптеу.
Кездесудің спикері – Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Олжас Бейсенбай. Спикер жастармен ашық пікір алмасып, академиялық адалдықтың қоғам дамуындағы рөлі, жемқорлықтың алдын алу және жас буынның азаматтық жауапкершілігі жөнінде ой бөлісті.
Аталған кездесу Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізілді. Іс-шара ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1147 қаулысымен бекітілген әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары және 2026 жылғы 12 наурызда бекітілген Өңірлік іс-шаралар жоспарының 24-тармағына сәйкес ұйымдастырылып отыр.
Шәкәрім университетінің мұрындық болуымен өткен TEDx форматындағы кездесуге Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев, «Саналы ұрпақ» клубының мүшелері, университет студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ, Департамент өкілдері қатысты.