Абырой биігінен көрінген әріптес
Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, ел дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады.
Солардың қатарында Шәкәрім университетінің Социологиялық талдау орталығының координаторы Нәзигүл Слямболқызы Газизова жоғары мемлекеттік марапат – «Құрмет» орденіне ие болды.
Бұл – қажырлы еңбектің, кәсіби біліктіліктің және ел игілігі жолындағы адал қызметтің айқын көрінісі. Нәзигүл Слямболқызының ғылым мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлесі, әлеуметтік зерттеулер арқылы өңір дамуына серпін беру жолындағы еңбегі зор құрметке лайық.
Осы айтулы жетістік – тек жеке табыстың ғана емес, Шәкәрім университеті ұжымының ортақ мерейі.
Әріптесімізді жоғары марапатымен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа белестер тілейміз! Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін!