33 жүлде – Шәкәрім университеті студенттерінің ғылымдағы жарқын жетістігі!
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Конкурс талаптарына сәйкес байқау екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезеңде студенттердің ғылыми жұмыстары жоғары оқу орны деңгейінде қарастырылып, үздік деп танылған зерттеулер комиссия шешімімен республикалық деңгейдегі екінші кезеңге жолдама алды.
Биыл конкурсқа университеттің 41 білім беру бағдарламасы бойынша 129 студент қатысып, олардың 88 ғылыми жұмысы республикалық кезеңге ұсынылды. Нәтижесінде 33 ғылыми жұмыс жүлделі орындарға ие болып, студенттеріміздің жоғары ғылыми әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауына қатысу қорытындысы бойынша жеңімпаз студенттер жалпы сомасы 1 141 800 теңгеге көлемінде сыйақымен марапатталды.
1 орын:
– 6В01101 – Педагогика және психология
– 6В01301 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
– 6В01402 – Музыкалық білім
– 6В07104 – Автоматтандыру және басқару
2 орын:
– 6В01601 – Тарих
– 6В01703 – Орыс тілі мен әдебиеті
– 6В04108 – Экономика және менеджмент
– 6В05301 – Химия
– 7М05301 – Техникалық физика
– 6В07106 – Машина жасау
– 7М07104 – Машина жасау
– 6B08201 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
– 6B08303 – Орман ресурстары және аңшылықтану
3 орын:
– 7M01101 – Педагогика және психология
– 6В01402 – Музыкалық білім
– 7М01402 – Музыкалық білім
– 6В01405 – Бейнелеу өнері, көркем еңбек және графика
– 6В01506 – География-История
– 6В01509 – Химия және биология
– 6В02101 – Дизайн
– 6В05201 – Экология
– 6В05303 – Техникалық физика
– 7М05301 – Техникалық физика
– 6В07103 – Жылу энергетика
– 6В07302 – Құрылыс
– 6B08101 – Агрономия
– 6В08102 – Green fields технологиялары
– 6B08301 – Орман ресурстары және орман шаруашылығы
– 6В09103 – Ветеринария
Жеңімпаздар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
Айта кетерлігі, Шәкәрім университеті 2027 жылы 6 білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауының II кезеңін өткізу үшін базалық жоғары оқу орны болып табылады:
– 6В01101 – Педагогика және психология
– 6В01301 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі.
– 6В07104 – Автоматтандыру және басқару
– 6В08101 – Агрономия
– 6B08201 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
– 6B08303 – Орман ресурстары және аңшылықтану
Студенттер мен олардың ғылыми жетекшілерін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсына сәтті қатысуларымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!