17 наурыз – Шаңырақ күні: Береке мен бірліктің нышаны
Шәкәрім университетінде «Digital Nauryz – 2026» жобасы аясында өтіп жатқан «Наурызнама» онкүндігінде қастерлі Шаңырақ күні атап өтілді. Бұл күн – бірлік пен татулықты, сыйластық пен мейірімділікті дәріптейтін айтулы мереке.
Қазақ халқы үшін шаңырақ – отбасының берекесін, ел мен жердің тұтастығын бейнелейтін қасиетті ұғым.
Осы орайда Шәкәрім университетінің Қазақ филологиясы кафедрасы, Педагогика және психология кафедрасы, Тарих кафедрасы, Химия және биология кафедрасы, Шет тілдері мен орыс тілі кафедрасы, Студенттік Парламент бірлесіп, «Бесікке салу – нәрестені алғаш бесікке бөлеу» рәсімін өткізді.
Шаңырақ – әкенің аманаты, ананың мейірімі, баланың болашағы. Ол – туған жердің киесі, атамекеннің шежіресі. Бұл күні әр шаңырақта ізгі тілектер айтылып, үлкендерге құрмет көрсетіліп, отбасылық дәстүрлер жаңғырады.
Әр шаңырақта шаттық пен береке орнасын! Отбасыларыңыз аман, бірліктеріңіз бекем болсын!