Жаңалықтар 12.06.2026 99

Жаһандық ғылымға қадам: шетелдік тағылымдама арқылы кәсіби өсу

Жаһандық ғылымға қадам: шетелдік тағылымдама арқылы кәсіби өсу

Шетелдік ғылыми тағылымдама – қазіргі заманғы ғылым мен білім беру жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі. Ол докторанттарға халықаралық ғылыми ортаға енуге, жаңа білім мен тәжірибе жинақтауға, сондай-ақ кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Жаһандану жағдайында ғылым шекараға бағынбайды, сондықтан шетелдік тағылымдама – жаһандық ғылымға қадам басудың тиімді жолы.

Осы тұрғыда Шәкәрім университеті халықаралық ынтымақтастық аясында білім алушылардың ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді және жүйелі жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді. 2026 жылдың 01 маусым - 27 шілде аралығында бірқатар докторанттар Польша, Ресей, Литва, Армения және Түркия жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтуде.

«Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасының 1 және 2 курс докторанттары Дуйсенбаева Асем, Беккасимова Данар Догуш университеті (Ыстамбұл қ., Түркия) зертханаларында машиналық оқыту (machine learning) әдістерін кеңінен пайдалану бойынша жұмыстар жүргізуде және зерттеу нәтижелері бойынша Конья қаласындағы KTO Karatay University базасында өткізілген «Global Educational Space: Innovative Experience, Pedagogical Leadership – 2» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясында А.К. Дуйсенбаева «ExpWizard: жүйелік әкімшілендіру мен инклюзивті білім беру арасындағы зияткерлік көпір» тақырыбында баяндама жасап, зерттеушілік белсенділіктерін арттыруда;

Сонымен қатар «Техникалық физика» және «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламасының 2 курс докторанттары Берiкхан Қайыржан, Жасұлан Айнұр, Орманбеков Қуаныш, Шынарбек Айбек AGH Ғылыми-техникалық университеті (Краков қ., Польша) зертханаларында микродоғалық тотығудан алынған жабындарының механикалық және трибологиялық қасиеттерін 3D-профилометрия, скретч-тест және трибологиялық сынақтар арқылы, «Техникалық физика» ББ 3 курс докторанты Курмангалиев Ринат Вроцлав технологиялық университетінде (Вроцлав қ., Польша) төмен көміртекті болатты көміртегімен катодты электролиттік-плазмалық қанықтырудың физика-химиялық процестерін анықтау бойынша;

«Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты Даниярова Аяулым - Ереван мемлекеттік университетінің Биология ғылыми-зерттеу институтында (Ереван қ., Армения) қызылша жомы негізінде субстраттан биоөнімдерді (биосутек, биометан, биомасса және т.с.с.) өндіру бойынша;

«Тарих» білім беру бағдарламасының 3 курс докторанттары Жуматаев Азамат -Ұлы Витаутас атындағы Университетінде (Каунас қ., Литва), Кайроллаев Нурсултан – Алтай мемлекеттік педагогикалық университетінде ( Барнаул қ., РФ) өлкетану әдіснамасы негізінде тарихты оқытудың құрылымдық және мазмұнды моделін әзірлеу, оқушылардың тарихи ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған педагогикалық технологияларды талдау бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Ғылыми тағылымдама – кәсіби және тұлғалық дамудың қуатты құралы. Ол зерттеушілерге жаһандық ғылыми кеңістікке енуге, өз білімін жетілдіруге және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.

Жаһандық ғылымға қадам: шетелдік тағылымдама арқылы кәсіби өсу
Жаһандық ғылымға қадам: шетелдік тағылымдама арқылы кәсіби өсу
Жаһандық ғылымға қадам: шетелдік тағылымдама арқылы кәсіби өсу
Жаһандық ғылымға қадам: шетелдік тағылымдама арқылы кәсіби өсу
Жаһандық ғылымға қадам: шетелдік тағылымдама арқылы кәсіби өсу
Жаһандық ғылымға қадам: шетелдік тағылымдама арқылы кәсіби өсу

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру