Жаңалықтар 11.06.2026 124

«Үлкен Алтай – 2026»: Болашаққа бағытталған келісім

«Үлкен Алтай – 2026»: Болашаққа бағытталған келісім

Қытай Халық Республикасының Шыңжаң ұйғыр автономиялық өлкесінің Алтай қаласында өткен «Үлкен Алтай – 2026» халықаралық субөңіраралық ынтымақтастық конференциясына Абай облысынан барған делегация құрамында Шәкәрім университетінің өкілдері де болды.

Сапар барысында жалпы саны жеті ынтымақтастық құжатына қол қойылды. Оның алтауы инвестициялық бағыттағы меморандум болса, бір құжат білім беру саласындағы негіздемелік келісім ретінде рәсімделді.

Қытайдың Шыңжаң Алтай кәсіптік-техникалық колледжі мен Шәкәрім университеті арасындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім екі оқу орны арасындағы өзара байланысты нығайтып қана қоймай, кәсіптік білім беру жүйесін халықаралық тәжірибемен ұштастыруға бағытталған маңызды қадам деуге болады.

Келісім аясында алдағы уақытта Шәкәрім жоғары колледжі мен Шыңжаң Алтай кәсіптік-техникалық колледжі ортақ білім ресурстарын тиімді пайдалану, оқу сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерді дамыту және халықаралық көзқарасы қалыптасқан білікті мамандар даярлауға басымдық беруді көздеп отыр.

Келісім жасау іс-шарасына Шәкәрім университеті Директорлар кеңесінің мүшесі Меруерт Махмутова, Басқарма мүшесі, интернационалдандыру және инновациялар жөніндегі проректоры Ерасыл Дулатбай және Шәкәрім жоғары колледжінің директоры Тоты Әбдікәрімова қатысты.

Ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі – Шәкәрім жоғары колледжінің оқытушылары мен білім алушыларының академиялық алмасуы. Бұл бастама арқылы екі елдің ұстаздары тәжірибе бөлісіп, ғылыми ізденістер жүргізуге мүмкіндік алады. Ал студенттер басқа елдің білім беру ортасы мен мәдени ерекшелігін танып, кәсіби әрі тұлғалық дамуына жол ашады. Сонымен қатар, ғылыми конференциялар, бірлескен зерттеу жобалары мен мәдени іс-шаралар өткізу де жоспарда бар.

Келісімге сәйкес, арнайы жұмыс тобы құрылып, бірлескен жобалардың жүзеге асырылуы жүйелі түрде үйлестірілетін болады. Құжаттың әрекет ету мерзімі үш жылға белгіленіп, алдағы кезеңдегі ынтымақтастық бағыттары тараптардың ортақ келісімімен жалғасады.

Алтайда жасалған бұл келісім – білім арқылы шекараларды жақындататын, ғылым арқылы тәжірибені ұштастыратын және жас ұрпаққа жаңа мүмкіндік ашатын маңызды бастама. Университеттің халықаралық кеңістіктегі бұл қадамы Шәкәрім колледжінің даму көкжиегін кеңейтіп, өңірлік білімнің әлемдік деңгеймен үндесуіне жол ашуға бағытталып отыр.

«Үлкен Алтай – 2026»: Болашаққа бағытталған келісім
«Үлкен Алтай – 2026»: Болашаққа бағытталған келісім
«Үлкен Алтай – 2026»: Болашаққа бағытталған келісім
«Үлкен Алтай – 2026»: Болашаққа бағытталған келісім
«Үлкен Алтай – 2026»: Болашаққа бағытталған келісім
«Үлкен Алтай – 2026»: Болашаққа бағытталған келісім
«Үлкен Алтай – 2026»: Болашаққа бағытталған келісім
«Үлкен Алтай – 2026»: Болашаққа бағытталған келісім
«Үлкен Алтай – 2026»: Болашаққа бағытталған келісім

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру