Жаңалықтар 24.04.2026 113

Қазақ-түрік достығының бір тірегі - TİKA

Қазақ-түрік достығының бір тірегі - TİKA

Ертеден қазақты өзіне түбі бауырлас, тілі тамырлас санайтын Түркиядан бір топ мәртебелі меймандар Шәкәрім университетіне арнайы келіп, іргелі білім ордасының тағы бір маңызды қадамына шынайы қолдау көрсетті. Шәкәрім университетінің 3 оқу ғимаратында Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі өкілдерінің қатысуымен түрік тілі кабинетінің салтанатты ашылуы өтті.

Маңызды іс-шараның тұсауы кесілер сәтте Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) Қазақстандағы өкілі Фуат Эрдогмуш бұл іс-шараның Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейдегі қадамы екендігіне кеңінен тоқталды.

- TİKA агенттігі Қазақстанмен байланысын 1997 жылдан бастап құрған болатын. Соның бір жемісті ісі ретінде бүгін Шәкәрім университетінде түрік тілін үйрену мақсатында ашылған арнайы дәрісханадан көруге болады. Бұл – біздің ұйымның Қазақстандағы 17-ші дәрісханасы. Бұдан өзге TİKA агенттігі көптеген мемлекеттерде өзіндік өкілдігін ашқан. Атап айтқанда, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан елдерімен қатар Африканың бірнеше елдерімен байланыс орнаттық. Ал Шәкәрім университетінде осындай дәрісхана ашуымызға мүмкіндік туғаны TİKA үшін зор абырой. Тағы бір қуаныштысы, Шәкәрім унверситетінен Түркияға барып студенттер дәріс алып, ұстаздар тағылымдамадан өтіп, өзара тәжірибе жинақтағаны қуантады. Алдағы уақытта Атыраудағы Халел Досмұхамедов атындағы университетте де осындай дәрісхана ашатын боламыз,- деді Ф. Эрдогмуш.

Дәрісхананың ашылу салтанатында сөз алған Шәкәрім университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бейімбет Дәрібаев Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің Қазақстандағы өкілдігінің Шәкәрім университетінде түрік тілін үйренуге ынтасы артқандар үшін арнайы дәрісхана ашуға қолдау көрсеткеніне шынайы ризашылығын жеткізді.

Іс-шара соңында есімі елге белгілі айтыскер ақын, «Асыл домбыра» иегері Айбек Жеңісқазин екі елдің арасындағы бауырластықты тебірене тілге тиек етіп, жырдан шашу шашты.

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру