20 April, 2026 Announcement
来自: 媒体中心

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауы

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің 2026 жылғы 17 наурыздағы №14-0/1382-ВН хаты негізінде «Шәкәрім университеті» КеАҚ жоғары оқу орындары арасында жыл сайын өткізілетін студенттік ғылыми жұмыстардың республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша базалық университет болып айқындалғанын хабарлайды.

Аталған конкурс төменде көрсетілген білім беру бағдарламалары топтары (БББТ) және білім беру бағдарламалары бойынша өткізіледі:

• БББТ B014 – География мұғалімдерін даярлау (6В01506 – География-Тарих);

• БББТ B006 – Музыка мұғалімдерін даярлау (6В01402 – Музыкалық білім);

• БББТ B064 – Механика және металл өңдеу (6В07106 – Машина жасау);

• БББТ B074 – Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс (6В08303 – Құрылыс);

• БББТ М090 – Физика (7М05301 – Техникалық физика);

• БББТ M103 – Механика және металл өңдеу (7M07104 – Машина жасау).

Конкурс жоғары білім беру жүйесінде студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, олардың ғылыми әлеуетін арттыруға және үздік ғылыми жұмыстарды анықтауға бағытталған.

Қосымша ақпарат пен ұйымдастыру талаптары бойынша ресми хаттар мен конкурс ережелері төмендегі сілтемеде көрсетілген.

https://drive.google.com/drive/folders/16nFKzvjSajWXi6s_ApQc2TMncsJC0Mtz?hl=ru

公告来自 20 April, 2026