22 шілде, 2026 Хабарландыру
Қайдан: Медиа орталығы

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

«Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына (ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 26 қазандағы № 850 қаулысымен өзгертілген) сәйкес, оқу процесінде пайда болған бос білім беру гранттарына конкурс жарияланады.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі. Конкурс бүкіл оқу кезеңінде үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша өткізіледі.

Үлгерімінің GPA орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңінде бағалары А, А- («өте жақсы») білім алушылар ғана басым құқыққа ие болады, келесі кезекте – А, А- («өте жақсы») бастап В+, В, В-, С+ («жақсы») дейінгі бағалар, бұдан әрі – аралас бағалар.

Құжаттар көктемгі сессияны тапсырғаннан кейін 2026 жылдың шілде айының 24-іне дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін ақылы негізде оқитын студенттер кафедраға келесі құжаттарды ұсыну керек:

• Басқарма Төрағасы – Ректордың атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (үлгісі қосымша берілді);

Тіркеу бөлімі арқылы алынған транскрипт

•Жеке куәлігінің көшірмесі.

Толығырақ:

Бос білім беру гранттарына конкурс 2026

Хабарландырудан: 22 шілде, 2026