ӘБП лауазымдық бос орындарына конкурс 15.09.2026 дейін
Опубликовано: 09.09.2026
«Шәкәрім университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
лауазымдық бос орындарға конкурс жариялайды:
1. | Инфрақұрылымды басқару департаментінің директоры | 1 бірлік |
2. | Маркетинг және кәсіптік бағдар беру орталығының басшысы | 1 бірлік |
3. | Жастар саясаты және корпоративтік мәдениет орталығының басшысы | 1 бірлік |
4. | Білім алушыларға қызмет көрсету орталығының басшысы | 1 бірлік |
5. | Құзіреттілікті дамыту және мансап орталығының басшысы | 1 бірлік |
6. | Коммуникация орталығының басшысы | 1 бірлік |
7. | Ғылыми-редакциялық бөлімнің басшысы | 1 бірлік |
8. | Білім беру обсерваториясының басшысы | 1 бірлік |
9. | «Innovation Hub» басшысы | 1 бірлік |
10. | Психологиялық қолдау қызметінің басшысы | 1 бірлік |
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл немесе кәсіби қызмет бағыты бойынша кемінде 5 (бес) жыл болуы тиіс.
1. | Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы | 1 бірлік |
2. | Ахуалдық басқару бөлімінің басшысы | 1 бірлік |
3. | Кітапхана меңгерушісі | 1 бірлік |
4. | Құжат айналымы және мұрағат бөлімінің басшысы | 1 бірлік |
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл немесе кәсіби қызмет бағыты бойынша кемінде 5 (бес) жыл болуы тиіс.
1. | Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі | 1 бірлік |
2. | Тарих және өнер кафедрасының меңгерушісі | 1 бірлік |
3. | Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі | 1 бірлік |
4. | Физика-математика ғылымдары кафедрасының меңгерушісі | 1 бірлік |
5. | Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі | 1 бірлік |
6. | Тамақ технологиясы кафедрасының меңгерушісі | 1 бірлік |
7. | Биоинженерлік жүйелер кафедрасының меңгерушісі | 1 бірлік |
8. | Экономика және қаржы кафедрасының меңгерушісі | 1 бірлік |
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылыми немесе академиялық дәрежесінің (магистр) болуы, білім беру ұйымдарында және (немесе) уәкілетті органдарда басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе ғылыми-педагогикалық қызмет бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, соңғы 3 жылда көлемі кемінде 72 сағатты құрайтын кадрлардың біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттың болуы.
.
.
Хабарландыру жарияланған сәтте «Шәкәрім университеті» КеАҚ
қызметкері болып табылатын тұлғалар конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттарды өткізеді:
1. Басқарма төрағасы – Ректордың атына өтініш (үлгіге сәйкес – өтініш);
2. Қызметтік тізім (үлгіге сәйкес – Қызметтік тізім).
.
.
.«Шәкәрім университеті» КЕАҚ қызметкері болып табылмайтын тұлғалар құжаттардың келесі тізімін ұсынады:
1. Басқарма төрағасы –Ректор атына нысан бойынша өтініш (үлгі бойынша өтініш);
2. Жеке іс парағы;
3. Өмірбаян;
4. Жеке куәлік көшірмесі;
5. Білімі туралы дипломдары, академиялық және ғылыми дәреже туралы (бар болса) дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжаттар және салыстыру үшін түпнұсқалары;
6. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
7. Жұмыс орны бойынша (қазіргі уақыттағы не соңғы) кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
8. Соңғы жұмыс орнынан мінездеме;
9. №075-у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
10. Тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есептер бойынша мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
11. Конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымнан анықтама;
12. Конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы психо- неврологиялық ұйымнан анықтама.
Қосымша шарттар: құрылымдық бөлімшелердің басшылары лауазымдарына үміткерлер құрылымдық бөлімшенің үш жылға арналған стратегиялық даму жоспарын ұсынуы тиіс.
Өтініштерді қабылдау мерзімі: 08.09.2026 ж.- 15.09.2026 ж.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: F17P8F7, Абай облысы, Семей қ., Глинка к-сі 20А, 307 каб. (Персоналды дамытуды сүйемелдеу бөлімі) анықтама телефоны: 8 (7222) 31-31-72, 8 777 227 09 85