Жаңалықтар 27.04.2026 29

Семинарда – білім сапасын арттырудың жаңа қырлары

Семинарда – білім сапасын арттырудың жаңа қырлары

Шәкәрім университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің бастамасымен 5 жылдық еңбек өтілі бар оқытушыларға арналған «Білім сапасын арттырудағы оқытушының жетекші рөлі» тақырыбындағы семинар өте мазмұнды кездесуге айналды.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – оқытушының кәсіби таңдауының білім сапасына және қоғам дамуына тигізетін әсерін терең талдау, сондай-ақ, заманауи білім беру талаптарына сай сабақты тиімді ұйымдастырудың озық тәсілдерін ұсыну болды.

Семинар барысында қатысушылар:

– Практикалық және зертханалық сабақтарды тиімді ұйымдастырудың инновациялық әдістері мен олардың ұтымды тұстарын көрсететін арнайы дәрістерді тыңдады.

– Білім беру үдерісіне жасанды интеллект құралдарын интеграциялаудың зор мүмкіндіктерін қарастырды.

– Әлемдік білім беру тәжірибесінде қолданылып жүрген озық әдістемелермен таныстырылды.

Қатысушылар семинардан алған білімдерін өз тәжірибесіне енгізу жолдарын белсенді талқылап, нақты әдіс-тәсілдермен алмасып, кәсіби шеберліктерін жетілдіруге зор мүмкіндік алды. Аталмыш кездесу білім сапасын арттырудың әр оқытушының кәсіби ұстанымынан басталатынын тағы бір мәрте айғақтады.

Семинарда – білім сапасын арттырудың жаңа қырлары
Семинарда – білім сапасын арттырудың жаңа қырлары
Семинарда – білім сапасын арттырудың жаңа қырлары

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру