Жаңалықтар 23.04.2026 49

«Салауатты өмір салты» спартакиадасы қорытындыланды

«Салауатты өмір салты» спартакиадасы қорытындыланды

Шәкәрім университетінің білім алушылары арасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Салауатты өмір салты» атты спартакиада өз мәресіне жетті. Жыл сайын өткізілетін бұл ауқымды спорттық іс-шара білім алушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды, командалық рухты нығайтуды және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

Биылғы спартакиадаға университеттің Зерттеу және Жоғары мектептерінің білім алушылары белсенді қатысып, спорттың бірнеше түрі бойынша өзара бақ сынасты. Атап айтқанда, қатысушылар футзал, волейбол, стритбол, үстел теннисі, шахмат және тоғызқұмалақ секілді спорт түрлерінде шеберліктерін көрсетті. Әр ойын жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылардың дайындықтары мен жеңіске деген жігері айқын байқалды.

Жарыс барысында білім алушылар тек спорттық шеберліктерін ғана емес, сондай-ақ ұйымшылдық пен өзара қолдаудың үлгісін көрсете білді. Әсіресе командалық ойындарда тартысты кездесулер өтіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Спартакиада қорытындысы бойынша STEM–білім беру жоғары мектебі жеңімпаз атанды. Жүлделі ІІ орынды Физика және химия ғылымдары зерттеу мектебі иеленді. ІІІ орынды Цифрлық технологиялар және құрылыс жоғары мектебі еншіледі.

Аталған спартакиада – университеттегі білім алушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың денсаулығын нығайтуға, белсенді өмір салтын ұстануға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі бөлігі.

«Салауатты өмір салты» спартакиадасы қорытындыланды
«Салауатты өмір салты» спартакиадасы қорытындыланды
«Салауатты өмір салты» спартакиадасы қорытындыланды
«Салауатты өмір салты» спартакиадасы қорытындыланды
«Салауатты өмір салты» спартакиадасы қорытындыланды
«Салауатты өмір салты» спартакиадасы қорытындыланды
«Салауатты өмір салты» спартакиадасы қорытындыланды

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру