Жаңалықтар 23.04.2026 93

Республикалық олимпиада: экономика болашағы – жастар қолында

Шәкәрім университетінде «Экономика және қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының білім алушылары арасында XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты – білім алушылардың кәсіби білім деңгейін арттыру, шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ дарынды жастарды анықтау. Мұндай іс-шаралар жастардың теориялық білімдерін практикада қолдану қабілетін шыңдап, экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық идеяларды ұсынуға, экономикалық ғылымға деген қызығушылығын арттырып, олардың болашақ маман ретінде қалыптасуына септігін тигізеді.

Байқауға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының командалары қатысып, білім бәсекесінде бақ сынады. Қатысушыларға экономиканың әртүрлі салалары бойынша күрделі тапсырмалар ұсынылып, олардың аналитикалық және стратегиялық ойлау дағдылары сыналды.

Олимпиада қорытындысында үздік деп танылған қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру