Жаңалықтар 22.07.2026 37

Көкентау етегінен көне түркі дәуірінің кешені табылды

Көкентау етегінен көне түркі дәуірінің кешені табылды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы шеңберінде іске асырылып жатқан «Абай облысының кешенді тарихи-археологиялық зерттеулері» бағдарламасы аясында Шәкәрім университетінің Семей археологиялық экспедициясы маусым айында Көкентау сілемінің етегінде кешенді археологиялық зерттеулер жүргізді.

Далалық жұмыстар барысында көне түркі дәуіріне жататын бірнеше археологиялық нысан зерттелді. Құрылыс ерекшеліктері мен алдын-ала мерзімдеу нәтижелеріне сәйкес олар қимақ-қыпшақ кезеңіне жатады. Болжам бойынша, бұл нысандар «қорық» деп аталған киелі кеңістікте діни-ғұрыптық рәсімдер өткізу үшін тұрғызылған. Қазба кезінде бірнеше тас мүсін анықталды. Олардың екеуі құрылыстардың шығыс бөлігіне орнатылған, ал тағы бір мүсін арнайы шұңқырға әдейі көмілген күйде табылды. Тас мүсіндерді әдейі көму дәстүрінің Шығыс Еуропадағы куман-қыпшақ ғибадат орындарынан да белгілі болуы Көкентау олжасын түсіндіруде маңызды археологиялық ұқсастық болып табылады.

Қазба барысында жануарларды құрбандыққа шалу белгілері де тіркелді. Табылған сүйек қалдықтары өңірдегі ортағасырлық халықтардың діни наным-сенімдері мен ғұрыптық тәжірибесін зерттеуге мүмкіндік береді. Ескерткіштердің тұрғызылу және пайдаланылу уақытын нақтылау үшін органикалық материалдардан арнайы үлгілер алынды. Бір аумақта бірнеше діни-ғұрыптық нысан мен тас мүсіннің шоғырлана орналасуы Көкентау етегінің ұзақ уақыт бойы киелі кеңістік ретінде пайдаланылғанын пайымдауға негіз береді.

Көкентау етегінен көне түркі дәуірінің кешені табылды
Көкентау етегінен көне түркі дәуірінің кешені табылды
Көкентау етегінен көне түркі дәуірінің кешені табылды
Көкентау етегінен көне түркі дәуірінің кешені табылды

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру