15 сәуір, 2026 Хабарландыру
Қайдан: Медиа орталығы

Ғылыми семинарға қатысуға шақырамыз!

Ғылыми семинарға қатысуға шақырамыз!

Құрметті әріптестер!

Тамақ инженериясы зерттеу мектебі жас ғалымдарды, магистранттар мен докторанттарды мақалаларды жариялау белсенділігін дамытуға және ғылыми жобаларды дайындау сапасын арттыруға бағытталған ғылыми семинарға қатысуға шақырады.

Өтетін күні: 2026 жылғы 17 сәуір, сағат 14.00-15.00.

Өтетін орны: № 2 оқу ғимараты, Физкультурная көшесі, 4; 217 дәрісхана.

Семинар аясында мынадай негізгі мәселелер қарастырылады:

1. ҚР ҒЖБМ гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобаларының конкурстық құжаттамасын түсіндіру

- өтінім құрылымы;

- бағалаудың негізгі талаптары мен критерийлері;

- құжаттарды тапсыру кезінде жиі кездесетін қателіктер;

- табысты жобаларды дайындау бойынша практикалық ұсыныстар.

2. Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорларында ғылыми журналдарды іздеу, іріктеу және мақалалар жариялау

- журналды таңдау критерийлері;

-индекстеу және квартильдерді талдау;

- мақалаларға қойылатын талаптар және авторлардың типтік қателіктері;

- жарияланым белсенділігін арттыру стратегиялары;

Семинар халықаралық журналдарда жариялауды және ғылыми қаржыландыру конкурстарына қатысуды жоспарлағандардың барлығына пайдалы болады.

Спикерлер:

Ж.Х. Какимова – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент)

А.О. Утегенова - PhD, аға оқытушы - зерттеуші,

А.Е. Бепеева - PhD, аға оқытушы - зерттеуші,

Қатысуға барлық мүдделі адамдарды шақырамыз!

Хабарландырудан: 15 сәуір, 2026