4 ақпан, 2026 Хабарландыру
Қайдан: Медиа орталығы

Мұхтар Мағауин – ғасырларды сөйлеткен алдаспан

Мұхтар Мағауин – ғасырларды сөйлеткен алдаспан

Шәкәрім университетінде көшпелілер дүниетанымын бойына сіңірген ұлы жазушы, аласапыран заманның айбынды тұлғасы, қазақ руханиятының алдаспаны Мұхтар Мағауиннің туған күніне орай еске алу кеші өтеді.

Ұлттық құндылықтарды көркем оймен, терең зерттеулермен тұтас ұлт санасына сіңіре білген қаламгердің шығармашылық мұрасы – қазақ әдебиетінің биік шыңы. Халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының:

«…төл әдебиетіміздің Мұхтар Мағауиндей кемел суреткерінің құнарлы туындыларының тұнығы мен тұңғиығына бойламаған адам қазақ елін, қазақ ұлтын білдім деп айта алмасы хақ»- деген сөзі қаламгердің парасат майданындағы дара болмысын айқын аңғартады.

Мұхтар Мағауин – бір дәуірдің ғана емес, тұтас ұлттың рухани жадында мәңгі сақталатын алып тұлға. Оның сөзі – тарихтың үні, шығармалары – халықтың рухани шежіресі.

Шәкәрім университетінде өтетін тағылымды кеште жүздескенше, оқырман!

Хабарландырудан: 4 ақпан, 2026