ПОҚ лауазымдық бос орындарына конкурс 18.08.2026
Опубликовано: 18.08.2026
«Шәкәрім университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
профессор-оқытушылар құрамының лауазымдық бос орындарына конкурс жариялайды:
Педагогика және психология кафедрасының профессоры – 1 бірлік
Химия және биология кафедрасының профессоры – 1 бірлік
Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық бағыт) немесе жоғары (специалитет) білім, ғылыми дәрежесінің және профессор ғылыми атағының болуы, ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 10 жыл.
Ветеринария кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) – 1 бірлік
Химия және экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) – 1 бірлік
Қазақ филологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) – 1 бірлік
Педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) – 1 бірлік
Физика- математика ғылымдары кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) – 1 бірлік
Экономика және қаржы кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) – 1 бірлік
Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық бағыт) немесе жоғары білім (специалитет), ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағының болуы, ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 5 жыл.
Биоинженерлік жүйелер кафедрасының аға оқытушысы – 1 бірлік
Тамақ технологиясы кафедрасының аға оқытушысы – 2 бірлік
Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы – 2 бірлік
Құрылыс және геодезия кафедрасының аға оқытушысы – 2 бірлік
Ветеринария кафедрасының аға оқытушысы – 1 бірлік
Ауыл шаруашылығы кафедрасының аға оқытушысы – 2 бірлік
Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасының аға оқытушысы – 2 бірлік
Химия және экология кафедрасының аға оқытушысы – 2 бірлік
Қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы – 3 бірлік
Шет және орыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы – 2 бірлік
Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы – 3 бірлік
Тарих және өнер кафедрасының аға оқытушысы – 4 бірлік
Физика- математика ғылымдары кафедрасының аға оқытушысы – 5 бірлік
Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы – 1 бірлік
Химия және биология кафедрасының аға оқытушысы – 2 бірлік
Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық бағыт) немесе жоғары білім (специалитет), ғылыми дәрежесінің болуы, ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе ғылыми қызметкерлер, еңбек сіңірген мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері, тиісті кадрларды даярлау бағытының бейініне сәйкес келетін экономика саласында кемінде 5 (бес) жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар.
Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушысы – 1 бірлік
Шет және орыс тілдері кафедрасының оқытушысы – 3 бірлік
Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары білім (мамандық) немесе жоғары (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі (кафедра бейіні бойынша), жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1. конкурсқа қатысуға өтініш Өтініш үлгісін жүктеу;
2. кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;
3. өмірбаян;
4. жеке куәлік көшірмесі;
5. жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже, ғылыми атағы туралы (бар болса) дипломдардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалары);
6. қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса);
7. жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
8. соңғы 3 жылдағы ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
9. соңғы жұмыс орнынан мінездеме;
10. №075-у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
11. тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Құқықтық статистика комитеті беретін есептер және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы есептері бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
12. конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы психоневрологиялық ұйымнан нықтама;
13. конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы.
Өтініштерді қабылдау мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 9 күнтізбелік күн ішінде. (26.08.2026 ж. дейін)
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: F17P8F7, Абай облысы, Семей қ., Глинка к-сі 20А, 307 каб (Персоналды дамытуды сүйемелдеу бөлімі) анықтама телефоны: 8 (7222) 31-31-72, 8 777 227 09 85
Қосымша қолдау шаралары:
1. Мансаптық өсу моделі;
2. Жарияланым белсенділігін қолдау (Scopus/WoS);
3. Жобалық кеңсе;
4. KPI жүйесі;
5. Шақырылған ПОҚ студенттер үйлеріне орналастыру жүйесі;
6. Қызметкерлер мен ПОҚ үшін әлеуметтік қолдау бағдарламасы.