Endowment
Университеттің дамуына үлес қосу
Білімнің болашағын қолдаңыз
Сіздің қолдауыңыз Шәкәрім университетінің дамуына, студенттерге сапалы білім беруге және инновациялық жобаларды енгізуге көмектеседі. Әрбір үлес университетті күштірек етеді.
Қор қызметінің негізгі мақсаты эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасында көзделген қайырымдылық объектілерін эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) ақшасын және (немесе) өзге де активтерін инвестициялау және кейіннен инвестициялық кірісті пайдалану арқылы қаржылық қолдау болып табылады.
Қор келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- 1)эндаументтерді (нысаналы салымдарды) иелену, пайдалану және оларға билік ету;
- 2)эндаумент-қорларды (нысаналы капиталдарды) қалыптастыру және (немесе) толықтыру;
- 3)эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) активтерін басқару;
- 4)эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) активтерін инвестициялау;
- 5)эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасында көзделген қайырымдылық объектілерін қаржыландыру;
- 6)салымшылармен, құрылтайшылармен, пайда алушылармен және басқа да қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;
- 7)ақша жинау және эндаументтерді (нысаналы салымдарды) тарту жолымен эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) активтерін ұлғайтуға бағытталған бастамалар жүргізу;
- 8)Қазақстан Республикасының заңнамасында және Жарғыда көзделген өзге де қызмет.
Стипендия қоры
Қаржылық мүмкіндіктері шектеулі дарынды студенттерді қолдау
Ғылыми зерттеулер
Ғылыми жобалар мен зерттеу бағдарламаларын қаржыландыру
Инфрақұрылым
Зертханалар, аудиториялар мен оқу кеңістіктерін жаңғырту
Халықаралық бағдарламалар
Студенттік алмасулар, тәжірибелер және серіктестік жобалар
Бізбен байланысыңыз
Университетті қолдау мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алу үшін: