Шаңбай Тұрдықұл Қасенұлы

Шаңбай Тұрдықұл Қасенұлы

Орталық басшысы

Байланыс ақпараты

071400 Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Глинки көшесі, 20 "А"
Офис: 2-қабат, мұражай

Шәкәрімтану ғылыми орталығы

Негізгі қызметтері

Шәкәрімтану ғылыми орталығы – Shakarim University-нің іргелі құрылымдық бөлімшесі. Шәкәрімтану ғылыми орталығы бүгінде Отанымызға ғана емес, халықаралық деңгейде танымал ғылыми институт. Шәкәрімтану ғылыми орталығы жанында Шәкәрім ғылыми музейі жұмыс істейді. Республикалық «Шәкәрім» ғылыми-танымдық журналы жарық көреді. Қытай Халық Республикасы, Сиань қаласындағы жетекші зерттеу университеті – Цзяотун университетінің жанынан «Шәкәрім» Қазақ-Қытай мәдени зерттеулер орталығы ашылды. Шәкәрімтану ғылыми орталығы Мәскеудегі Қазақстанның Елшілігімен бірлесіп «Родник по имени Шакарим» кітабы жарық көрді.  Осының барлығы Шәкәрімтану ғылыми орталығының ғылыми концепциясының аясында іске асуда. Шәкәрімтану ғылыми орталығының негізгі қызметі – Shakarim University-ін отандық және халықаралық аренада насихаттау, классик ақын, ғұлама ойшыл Шәкәрім мұрасын ғылым контексінде жүйелі түрде зерттеу.

Негізгі қызмет бағыттары:

Шәкәрім ғылыми музейінің негізгі қызметіне – Shakarim University мен Шәкәрім мұрасын зерттеу және насихаттау жұмыстары енеді. Shakarim University-не келген қонақтарды – Шәкәрім ғылыми музейіне әкелу дәстүрге айналған. Шәкәрім ғылыми музейі – Shakarim University-нің брендіне айналды.

«Шәкәрім» ғылыми-танымдық журналы – Shakarim University-нің қоғаммен байланысының алтын көпіріне, Шәкәрім мұрасын зерттеу мен насхаттаудағы ғылыми-танымдық кеңістікке айналды. «Шәкәрім» ғылыми-танымдық журналының – абайтану, шәкәрімтану және алаштану сияқты тұрақты рубрикаларында ғылым мен мәдениетке қатысты, өзекті мақалалар жарияланады. «Шәкәрім» журналы бүгінде Елімізге кеңінен танымал. Шет ел ғалымдарының да мақалалары жарық көруде.

«Шәкәрім» Қазақ-Қытай мәдени зерттеулер орталығы – Shakarim University-нің барлық саладағы жетістігін және ғұлама-ойшыл, классик ақын Шәкәрімнің асыл мұрасын халықаралық аренада насихаттауда.

Біздің миссия:

Shakarim University-інің білім-ғылым, тәрбие мен оқу саласындағы жұмыстарын, Шәкәрім мұрасын отандық және халықаралық деңгейде насихаттау.

Қызметкерлер 1

Тортенова Гульнур Шалатаевна

Тортенова Гульнур
Шалатаевна

Музей қорының сақтаушысы