Оспанова Динара Манаповна
Академиялық мәселелер жөніндегі проректор
Байланыс ақпараты
Басқарма мүшесі - академиялық мәселелер жөніндегі проректор
Негізгі мәліметтері
1999 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Математика» мамандығы бойынша тәмамдады.
2011 жылы Қазақ қаржы-экономикалық академиясында техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін алды.
2019 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің докторантурасын аяқтады.
Жоғары білім беру жүйесінде 25 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Еңбек белсенділігі
1999–2013 жж. – Қазақ қаржы-экономикалық академиясының Ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы.
2013–2015 жж. – Қазақстан инновациялық университетінің Тіркеу офисі қызметінің басшысы.
2015–2021 жж. – Қазақстан инновациялық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің басшысы.
2021 ж. – «Шәкәрім университеті» КеАҚ Физика-математика ғылымдары және информатика кафедрасының аға оқытушысы.
2021–2023 жж. – Физика-математика ғылымдары және информатика кафедрасының меңгерушісі.
2023–2024 жж. – Физика-математика факультетінің деканы.
2025–2026 жж. – Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры.
2026 жылдан бастап – «Шәкәрім университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор.
Марапаттары
2009 ж. – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хаты.
2017 ж. – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасы.
2024 ж. – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі.
Кәсіби жетістіктері
Академиялық саясатты іске асыру, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңғырту бағытындағы жұмыстарды үйлестіреді.
Университеттің білім беру бағдарламаларын лицензиялау, сапасын қамтамасыз ету және академиялық басқару жүйесін жетілдіруге жетекшілік етеді.
Академиялық процестерді цифрландыру, инклюзивті білім беру, халықаралық тәжірибені енгізу және білім беру сапасын арттыру бағытындағы жобаларды жүзеге асырады.
Финляндияның HAMK University of Applied Sciences, Nazarbayev University және халықаралық кәсіби ұйымдардың білім беру көшбасшылығы, бизнес-процестерді басқару және жасанды интеллектті білім беру үдерісіне енгізу бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларынан өткен.